Жастарды жұмыспен қамту – болашаққа бастар жол

446 Views

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданымызда бірнеше белгілі міндеттер мен ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша жастарға тәжірибеден өтуге, қажетті білім алуға және тұрақты жұмыспен қамтылуына үлкен мүмкіндік бар. Биылғы жылы «Жастар тәжірибесімен» ақпан айынан бастап, жоғары немесе арнаулы орта білімдерімен әр түрлі мекемелерге, шаруа қожалықтарына және жеке кәсіпкерлерге жұмысқа жолдануда. Биылғы жылдың өзінде 80 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, бұл меже артығымен орындалды. Дәлірек айтар болсақ, орталықтың ықпалыменен 84 азамат жұмысқа жолданды.
Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен «Жастар тәжірибесі» бойынша 6 ай мерзімге жұмысқа қабылданып, өздерін білікті маман ретінде көрсетіп, мерзімі аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасқан жастарымыз да жетерлік. Атап айтар болсақ, Әбдібек Тұрсынбеков, Өркен Тамшыбай, Жасұлан Мұхамеджан, Жадыра Балжігіт сынды жастар аудан әкімінің аппаратына, аудандық орталық ауруханаға, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, «Жомарт Дента» ЖШС-не тұрақты түрде жұмысқа орналасты.

Сапар Кұлманов,
аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры.

Поделиться ссылкой: