Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

716 Views

Жақында Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының қызметкерлері С.Мутанов пен А.Сарсембаев «Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері» тақырыбында ауқымды іс-шара өткізді. Атап айтар болсақ, басқарма мамандары аудандық полиция қызметкерлерімен кездесіп, кеңінен ой бөлісті. Сондай-ақ, дін істері баасқармасының мамандары Құлан, Көгершін, Көкдөнен, Луговой, Абай, Қарақыстақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында деструктивті діни ағымдардың белгілері мен қоғамға деген әсері туралы, ҚР-ның аумағында Заңмен тиым салынған діни ұйымдар туралы өзекті мәселелер басты назарға алынды. Сонымен қатар, Құлан ауылы «Құлан» орталық базарының саудагерлеріне, аудандық «Қазпошта» байланыс торабының қызметкерлеріне бүктеме қағаздар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой: