Ботулизмнің алдын алу
30 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
№1 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Сая Ибраимова қазақтың даңқты боксшысы, қос бірдей Олимпиада ойындарында (Атлантада қола, Сиднейде алтын) медаль жеңіп алған жерлесіміз Ермахан Ибраимовтың туған әпкесі. Жалпы, «Сағи ақсақалдың ұл-қыздарының барлығының бойында қайсарлық пен ұлтқа деген жанашырлық тулап тұр ма?» деймін. Оны мына дәйектен-ақ аңғаруға болатындай. Соққысы жойқын Ермахан Ибраимов күллі әлем назарына шаршы алаңда қазақ деген халықтың батылдығын, жігерлілігін көрсетсе, Сая Сағиқызы тарих бедерінде «қанды қырғын» атанған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде тәуелсіздік үшін жеке басын қатерге тігіп, қатарлас құрбы-құрдастары секілді ұлтымыздың қаһармандығын ұқтырған қайсар жанның бірі.
Сая Сағиқызымен танысқанымызға 3-4 жылдың жүзі болды. Ақиқатын айтайық, бүгінде адамдыққа баламайтын, достыққа жарамайтын жандар көбейді ғой. Жайшылық өмірде де, қызмет барысында да көріп-біліп жүрмін, Сая Сағиқызы өте шыншыл азаматша екен. Кейіпкерімізден сұхбат алу барысында бұл қасиеттің оның бойында тулап тұрғанына тағы да көзім жетті.
«Мен 1986 жылы 20 жаста едім. КазГУ-дың тарих факультетінің 3 курсында оқып жүрген студентпін. Өзіңіз білетіндей, бұл оқиға мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қызметтен кетуінен басталды ғой. Алаңдағы көрініс көз алдымнан әлі күнге дейін кетпейді. «Менің Қазақстаным» әнін шырқап, «Колбин қызметтен босатылсын!» «Қонаев қызметке қайта орласын!» деп ұрандатты желтоқсаншылар. Елге танымал азаматтар бізге басу айтып жатты. Алайда, біз алаңнан кете қоймадық. Тіпті, оқудан да шығып кете жаздадым. Бірақ, ол кезде де қазақ жастарына жаны ашыған азаматтар болмады емес, болды. Мені қаншама рет тергеді. Әйтеуір соның бәрінен аман шықтық. Оқуымды да бітірдім. Әрине, ең әуелі Алланың, содан соң әлгіндей қазаққа болысқан, ат төбеліндей қызметі баар азаматтардың жанашыр пейілінің арқасы. Ең бастысы, ата баба аңсаған Азаттыққа қол жеткіздік. Жас буын өкілдері мұндай жағдайды бастан кешпесін. Құдай қазақты тыныштықтан айырмасын» дейді.
Сая Сағиқызының қайсарлығына, шыншылдығына көз жеткізген боларсыздар. Қанша дегенмен ұстаз ғой. Көп оқиды. Ізденеді. Есенғали Раушановтың «Қара бауыр қасқалдақ» өлеңінің қайырмасында:
Ұя қалса иесіз,
Айдын үшін сол қайғы.
Қаңғып келген шүрегей,
Көлге пана болмайды» деген шумақтар жазылған емес па еді. Желтоқсаншыдан бір ауыз өлең шумақ сұрап көріп едік, ол «Әр қазақ менің жалғызым» деп барша алаш жұртына сауын айтқан ақын Сабыр Адайдың «Сен қазақсың» өлеңіндегі:
– Елің үшін еш дұшпанға табынба,
Сатқындық жоқ сенің ата қаныңда.
Жарды малта жанға қуат үн қатқын,
Ер Алашқа Атамекен қымбат тым,
Сен өйткені, Қазақсың ғой бауырым!, -деген жолдарын төкпелетіп айтып берді.
Марат Диханбай.