Былтыр бірінші, биыл үздік үштікке енді

765 Views

Облыстық ауыл жа­сөс­пірімдерінің жазғы спорт ойындары аясында өткізіл­ген жарыста ауданымыз­дың атынан додаға түскен жасөспірімдер болсын, жат­тықтырушылар болсын әрқа­шан жүлделі болған, болып та жүр және бола да беретініне кәміл сене­міз. Осылай арқаны кең­ге салып айтуымыз­дың да жөні бар, алдияр оқыр­­ман. Өйткені, 2019 жыл­дың қорытынды­сы бойынша облыстық ауыл жасөспірімдерінің жазғы спорт ойындары ая­сында ұйымдасты­рылған додада Тұрар Рысқұлов ауданы жал­пыкомандалық есепте жүлделі бірінші орын­ға ие болды.
Айта кету керек, 2019 жылы аталмыш жа­рысқа қатысушылар волейбол, кіші фут­бол, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұма­лақ еркін және грек-рим күресі, дзюдо, таэквондо, гандбол, бокс, баскетбол және үстел теннисі секіл­ді спорттың 13 түрі бойынша бақ сына­ған болатын. Аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлі­мі­нің басшысы Ерлік Шабеевтің айтуынша, өткен жылы осы 13 спорт түрінен ұйым­дастырылған ай­ту­лы жарыстарда ау­­да­нымыздың спорт­ты серік ет­кен азаматтары ая­нып қалмаған көрінеді. Сол нәтиже жоғары бағаланып, аудан облыс бойынша бірінші орынға лайық деп танылыпты.
Ал, жуырда 2020 жылдың қо­рытындысы сараланып, нә­ти­жесі белгілі болды. Биыл облыс әкімдігі денешынықтыру жә­не спорт басқармасының тізімі бойынша спорттың 7 түрінен облыстық ауыл жасөспірімдері­нің жазғы спорт ойындары ая­сын­да өткізілген жарыстардың қоры­­­тындысы бойынша Тұрар Рысқұлов ауданы үздік үштік­тің қатарына еніп отыр. 2 жыл қатарынан осындай зор жетіс­тік­ке қол жеткізіп, жасөспірім­дер­ді баптаған бапкерлердің еңбегін біз осы арада атап өтуіміз керек. Себебі, қазіргі таңда аймақтағы 10 ауданның барлығында спорт­қа деген көзқарас ерекше. Яғни, кез келген спорт бүгінгі таңда өңір­дің барлық аудандарында өзге­ше сипат алып, қарқынды дамып келеді. Сондай бәсекелестіктен да­раланып үздік үштікке ену – жақ­сы көр­сеткіш біздіңше. Бұл пі­кірді аудан әкімдігі денешынық­ты­­ру және спорт бөлімінің бас­шы­­сы Ерлік Шабеев те қостап отыр.
Бапкерлер дегеннен шы­ға­ды, биылғы облыстық ауыл жасөспірімдері­нің жазғы спорт ойындарында шә­кірт бап­тап, жақсы нәтиже көр­сет­кен жаттықтырушылар үс­тел тенни­сі­нен М.Нысанбаев, ұлт­тық ойынымыз тоғызқұмалақ­тан Ұ.Мұраталиева, бестас ұлттық ойы­нынан М.Қайынбердиев жә­не баскетболдан Е.Барманқұлов пен Ғ.Қалиев болды. Есімі аталған бап­керлерден тәлім алған әрбір жа­сөспірім әлі талай жетістіктерді бағындырады деген үміттеміз.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: