Ағаш көшеттері отырғызылды
28 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Қазіргі таңда елімізде коронавирустың екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Әзірге оның нақты қашан болатыны белгісіз. Дегенмен, ғалымдар болжам жасап отыр. Қарапайым өмірлік тәжірибеге сүйенсек, күз айларында вирустың өршитін әдеті. Қайткенде де сақтанудың барлық жолы қолға алынуы керек. Тұрғындар вирустың бар екенін есте сақтауы қажет. Ол тек бізде емес, ешбір елде жойылмады. Ешқандай симптомсыз жүретін инфекцияны адамдар кез келген уақытта жұқтырып алуы әбден мүмкін.
Екінші толқын қашан басталады деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Күз мезгілінде респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау, пневмонияның өрши түсетіні белгілі. Клиникалық тұрғыда бұл аурулардың белгілері тура коронавирус инфекциясына ұқсайды. Дене қызуы көтеріледі, әлсіздік болады және мұрыннан су ағады. Сондықтан ауруды анықтау өте қиынға соғады. Егер екі түрлі сырқат қатар келсе, адамның денсаулығына айтарлықтай қауіпті. Сол себептен, осы кезден бастап, ауруды асқындырып алмау үшін халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Адамдар міндетті түрде дәрігерге көрінуі қажет. Оның қандай инфекция жұқтырғанын тек медицина маманы ғана анықтай алады. Науқастарды дұрыс сұрыптау қажет. Барлық науқасты аурухана төсегіне таңып қою дұрыс емес, оған қажеттілік жоқ. Әр науқасты емдеуде жекелей қарау керек. Әсіресе, созылмалы сырқаттары бар адамдардың жағдайын жіті бақылауда ұстаған жөн. Ал инфекция белгілері жеңіл және орташа түрде өтіп жатқан адамдар дәрігердің нұсқауы бойынша үйлерінде жатып емделсе де болады. Стационарлар тек ауыр жағдайлардағы науқастар үшін бос тұру керек.
Сондықтан да коронавирустың екінші толқынына дайындық барысында аурухананың 50 төсегін «COVID-19» ауруын емдейтін жұқпалы аурулар бөліміне бейімдеу қарастырылған. Мамандар жасақталып, қызметкерлер тізімі дайындалды. Ауруды емдеу барысында қолданылатын дәрілік 2 қор дайындалды. Сонымен қатар, аурудың қызыл деңгейіне жеткізілген жағдайда «COVID-19» ауруымен ауырған адамдарды емдеу мақсатында Құлан ауылындағы бұрынғы тубдиспансер ауруханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 150 төсекке ауданаралық инфекциялық стационар ашу мақсатында оттегі жүйесі жүргізілді. 14 төсекке реанимация палаталары дайындалды, облыстық денсаулық сақтау басқармасына қажетті жұмсақ және қатты инвентарьға, қажетті құрал- жабдықтарға сұраныс берілді. Сұраныс бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегіне жұқпалы аурулар стационары үшін 5 жасанды дем алу аппараты жеткізілді. Асханасына 2 газ плита, кір жуу бөліміне 3 кір жуу машинасы орнатылды.
Болжам бойынша қазан- қараша айларында тұмау мен жедел респираторлы инфекция маусымы кезінде коронавирус инфекциясының қабаттасып ауыруы немесе асқыну түрлерінің тіркелу қаупі бар. Сондықтан әр адам сақтану шараларына аса көңіл бөлуі қажет. Сақтық шараларын іске асыру үшін Жамбыл облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуынан сақтандыру мақсатында 2020 жылдың 16 қазанында Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы шығып, 19 қазан сағат 00.00-ден бастап шектеу шаралары енгізілді.
Құрметті, құландықтар! Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда! Жақыныңызға жанашыр болыңыз.
Шындос Мырзалиев,
аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.