Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Таяуда Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жалпыұлттық мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Абай әлемі» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Бұған дейін аудандық газетте 8-11 сынып оқушылары арасында өткен байқау екі кезең бойынша өрбитінін жазған едік. Алғашқысы — «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деген тақырыпта эссе жазу бағыты болса, екіншісі — «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп аталады. «Zoom» платформасы арқылы онлайн форматта өрбіген байқаудың облыстық кезеңінде ауданымыздың оқушылары сәтті өнер көрсетті. Атап айтар болсақ, «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деген тақырыпта эссе жазу бойынша Абай атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Елнұр Нұрдосұлы жүлделі II орынға ие болды. Ал «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп аталатын байқаудың екінші бағытында бақ сынаған оқушыларымыздың жетістігі тіпті керемет. Жамбыл атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Дәулет Тынышбек өлең жазуға деген құштарлығын ұқтырып, жүлделі II орынды өз еншісіне жазды. Байқаудың аудандық кезеңінде топ жарған Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Ару Абусерікқызы облыстық білім сайысында да үздік деп танылып, жүлделі I орын иегері атанды. Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Әлтұран Маликеев те «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп аталатын бағытта үздіктердің қатарына еніп, жүлделі II орынды жеңіп алды. Осылайша, қос бағыт бойынша ауданымыздың 2 оқушысы, яғни Дәулет Тынышбек пен Ару Абусерікқызы желтоқсан айында өтетін «Абай әлемі» байқауының республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алып отыр. Республикалық кезеңде де олардың аудан абыройын асқақтатып, жүлдегер атануларына толықтай мүмкіндіктері бар. Оқушыларымызға сәттілік жолдас болсын дейміз.
Гүлмираш Қырықбаева,
аудандық білім бөлімінің әдіскері.