Жастардың жетістіктері

1 362 Views

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданымызда бірнеше белгілі міндеттер мен ауқымды жұмыстар жүргізіліп, жалғасын табуда. Атап айтсақ, бағдарламаның 3-ші бағыты аясында «Жастар практикасына» жас түлектер әр түрлі мамандықтармен жұмысқа жолдама алып, тәжірибе алмасуда.Соның нәтижесінде тұрақты жұмыспен қамтылған жастар да бар.
Нақтырақ айтсақ, Қайрат Әліқұлов, Жасұлан Мұхамеджан, Бақытбек Әсілбек, Өркен Тамшыбай т.б. Олар бағдарламаға қатысу алдында жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген уақытта жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы газет бетінен оқып, бағдарламаның үшінші бағытына қатысуға шешім қабылдаған.
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жастар тәжірибесі бойынша 6 ай мерзімге жұмысқа қабылданып, өздерін білікті маман ретінде көрсетіп және мерзімінен бұрын жастар тәжірибесін аяқтап, сол мекемелерге тұрақты жұмысқа қабылданды. Олар нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының нәтижелеріне ризашылығын білдіреді. Жастар тәжірибесінен өтуге және тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берген халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарына да айтар алғыстары зор. Биылғы жылы жастар практикасына ақпан айынан бастап, жоғары немесе арнаулы орта білімдерімен әр түрлі мамандықтармен мекемелерге, шаруа қожалықтарына және жеке кәсіпкерлерге 108 жас түлек мамандарға жолдама беріліп, қазіргі таңда жұмыстарын жасауда. Сондай-ақ, алдағы уақытта жастар практикасына тағы да жас түлектер жіберіледі деп жоспарлануда .

Э.Қаймасарова,
аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы.

Поделиться ссылкой: