Пятница начинается с такого видео
146 ViewsПятница начинается с такого видео. Это наша Рухия Байдукенова и певец Чжан Хэ Сунань поют гимн музыкального проекта Silk Way Star на V форуме…
Жуырда Шымкент қаласында арулар арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Спорттық жарысқа жерлесіміз Адина Қалдыбай Жамбыл облысының атынан 60 келі салмақ дәрежесінде қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді. Ол Қазақстан чемпионатында кіл мықты боксшыларды шаң қаптырып, тек Нұр-Сұлтандық және Ақмолалық қарсыластарынан айласын асыра алмады. Жарыс нәтижесінде арулар арасында 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының атынан қатысқан Римма Волосенко жеңімпаз атанса, Ақмола облысының аруы Карина Ибрагимова тұғырдың екінші сатысынан көрінді. Қола жүлдеге жерлесіміз Адина Қалдыбаймен бірге ақтөбелік Айдана Забынбекова да ие болды. Адина осы уақытқа дейін талай байрақты бәсекелерде топ жарып жүрді. Ал оның бұл жүлдесін жаңа деңгейдегі жетістігі деп білеміз. Алдағы уақытта жалынды жерлесіміздің биік белестерді бағындырып, шаршы алаңда әлі талай атой саларына сеніміміз мол.
Ақымет Қамшыбек.