ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ ШЕШІМІН ТАБУДА

619 Views

Өңірлерді дамыту – өзекті іс. Оның ішінде ауыл тұрғындарына жайлы жағдай жасау мемлекеттің басты бағыттарының бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы жылдары округ жұртшылығына арналған бірқатар жұмыстар іске асырылды. Ендеше солардың бірнешеуіне толығымен тоқталып өтейік.
Жалпы биыл құландықтардың қуанышына орай округте ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, ауыл аумағындағы жарық беруші 750 ескі шамдар толығымен ауыстырылды. Соңғы үлгідегі электр үнемдегіш жарық көздерін ауыстыру жұмыстарымен «Алира Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысты. Бұл мақсатта бюджеттен 25727,5 мың теңге қарастырылған болатын. Сондай-ақ, орталық көше бойына 166 дана жарық диотты шам бағаналары орнатылды. Аталмыш жобаны «Building Technology Group» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі жүргізіп, жұмыс толығымен аяқталды. Сонымен қатар, орталық көшенің бойында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар да төселді. «Tembol» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген жұмысқа бюджеттен 9955,5 мың теңге бөлінген.
Бүгінде Құлан ауылында 20,44 шақырымды құрайтын 42 көшенің жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған бюджеттен 271248,0 теңге көлемінде қаражат қарастырылды. Аты аталған жұмыстармен «Құлан жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысып жатқандығын тілге тиек ете кетейік.
Сонымен қатар, осы жылы аудан орталы­ғындағы алаңды да, «Жастар» паркін де қайта жаңғыртуға ерекше күш салдық.
Биыл білім саласына бөлінген қара­жат та өте қомақты. Олардың басым көпшілігі мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалуда. Дәл осындай құрылыс жұмыстары «Балдырған» балалар бақшасына да жүргі­зілді. Нысанның сыртқы қоршауы толығымен қоршалып, есік алдына соңғы үлгідегі жол жолақтары төселді. Бұл жұмыстармен «ММ Group» құрылыс компаниясы айналысып, жұмысын толықтай аяқтап, нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Әлихан Бөкейханов, Шоқан Уәлиханов, №1 мектеп-лицейі секілді ірі білім ошақтарына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек, аталмыш жұмыстар ауыл тұрғындарын осы күнге дейін мазалап келген маңызды мәселелер болатын.
Осылайша өңірдегі ең өзекті мә­се­лелер ақырындап өз шешімін тауып келеді. Ол үшін тұрғындар атынан ең әуелі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына және аймақ пен аудан басшыларына айтар алғысымыз шексіз. Еліміз өркендеп, қарыштап дами берсін.
Еркін Сейтжапаров,
Құлан ауылдық округінің әкімі.Өңірлерді дамыту – өзекті іс. Оның ішінде ауыл тұрғындарына жайлы жағдай жасау мемлекеттің басты бағыттарының бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы жылдары округ жұртшылығына арналған бірқатар жұмыстар іске асырылды. Ендеше солардың бірнешеуіне толығымен тоқталып өтейік.
Жалпы биыл құландықтардың қуанышына орай округте ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, ауыл аумағындағы жарық беруші 750 ескі шамдар толығымен ауыстырылды. Соңғы үлгідегі электр үнемдегіш жарық көздерін ауыстыру жұмыстарымен «Алира Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысты. Бұл мақсатта бюджеттен 25727,5 мың теңге қарастырылған болатын. Сондай-ақ, орталық көше бойына 166 дана жарық диотты шам бағаналары орнатылды. Аталмыш жобаны «Building Technology Group» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі жүргізіп, жұмыс толығымен аяқталды. Сонымен қатар, орталық көшенің бойында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар да төселді. «Tembol» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген жұмысқа бюджеттен 9955,5 мың теңге бөлінген.
Бүгінде Құлан ауылында 20,44 шақырымды құрайтын 42 көшенің жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған бюджеттен 271248,0 теңге көлемінде қаражат қарастырылды. Аты аталған жұмыстармен «Құлан жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысып жатқандығын тілге тиек ете кетейік.
Сонымен қатар, осы жылы аудан орталы­ғындағы алаңды да, «Жастар» паркін де қайта жаңғыртуға ерекше күш салдық.
Биыл білім саласына бөлінген қара­жат та өте қомақты. Олардың басым көпшілігі мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалуда. Дәл осындай құрылыс жұмыстары «Балдырған» балалар бақшасына да жүргі­зілді. Нысанның сыртқы қоршауы толығымен қоршалып, есік алдына соңғы үлгідегі жол жолақтары төселді. Бұл жұмыстармен «ММ Group» құрылыс компаниясы айналысып, жұмысын толықтай аяқтап, нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Әлихан Бөкейханов, Шоқан Уәлиханов, №1 мектеп-лицейі секілді ірі білім ошақтарына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек, аталмыш жұмыстар ауыл тұрғындарын осы күнге дейін мазалап келген маңызды мәселелер болатын.
Осылайша өңірдегі ең өзекті мә­се­лелер ақырындап өз шешімін тауып келеді. Ол үшін тұрғындар атынан ең әуелі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына және аймақ пен аудан басшыларына айтар алғысымыз шексіз. Еліміз өркендеп, қарыштап дами берсін.

Еркін Сейтжапаров,
Құлан ауылдық округінің әкімі.

Поделиться ссылкой: