Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

439 Views

Кеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау науқанында партия сайлауалды штабында белсенді жұмыс атқарған бірқатар азаматтарға Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаты табысталды. Іс-шараны аудандық «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Арыстанбеков ашты. Партия төрағасының бірінші орынбасары өз сөзінде биылғы сайлаудың өткен сайлаулардан ерекше екендігін айтып, сайлау науқанының ұйымшылдықпен өтуіне атсалысқан азаматтарға өз алғысын білдірді. «Ауданымыз ауқымды іс-шараны бір кісідей атқарып өткіз­ді. «Nur Otan» партиясын қолдап, сайлауалды бағдарламасын халыққа түсіндіру мақсатында штаб мүшелері, мәслихат депутаттары және еріктілер тобы белсенді жұмыс атқарды. Бұл дегеніміз, аудан тұрғындарының еліміздің жетекші партиясына деген сенімінің көрінісі», -дей келе, Елбасы, «Nur Otan»партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың Алғыс ха­тын аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, сайлауалды штаб төраға­сының орынбасары Қ.Бижанов, ау­дандық Қоғамдық кеңес төрағасы П.Сүлейменов, ауданның ардагерлері М.Стыбаев,С.Өтегеновке және тағы басқа белсенді партия мүшелеріне табыс етті.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: