Әні әуезді «Сударушка»

463 Views

«Сударушка» халықтық фольклор­лық ансамблі ауданымызға өте танымал өнер майталмандарының бірі. Атал­мыш ансамбльдің жетекшісі Любовь Левиц­кая ансамбль репертуарындағы әр әнге жіті көңіл аударады. Сондықтан бо­лар, ансамбль құрамы әрқашан есті сөзден құралған әуезді әндерді шырқайды. Олар, әсіресе, туған жер, Отан туралы патриоттық әндерді жоғары деңгей­де орындайды. Оның айна-қатесіз шын­дық екеніне сейсенбі күні Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Сударушка» халықтық фольк­лорлық ансамблінің ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі датасына орай өткізген концертінде тағы бір мәрте көз жеткіздік.
«Сударушканың» концерті «Instagram» және «Facebook» әлеумет­т­ік желілерінде тікелей эфир­ден көр­сетілді. «Елімнің бақы­тын тербеткен Тәуелсіздік» деген тақырыппен өткен «Сударушка» халықтық фольклор­лық ансамблінің концертінде ең алғаш­қы шырқалған ән Нұрлан Есембаев­тың «Сәлем» әні болды. Ансамбльдің толық құрамымен шырқалған рух­ты ән жүрек тебірентті. Одан кейін Любовь Левицкая сахнаға жеке шы­ғып, поэзия оқыды. «Родной Қазахстан» деп аталатын Любовь Павелқызы оқы­ған өлеңнің авторы Шамхан Далдаев. Со­дан соң Ютаның әні мен сөзіне жа­зылған «Сильные люди» әнін Юлия Париева жан толқытарлық тебі­ре­ніспен шырқады. Айгүл Сағынбай­қызының сөзіне жазылған «Мой Казахстан» әнін де ансамблдің үш­тігі керемет орындады. Қазақтың даңқ­ты композиторы, жерлесіміз Мэлс Өзбековтың атақты «Келші Құлан­ға» әнін де сапалы әрлеумен ән қор­жындарына қосып,«Сударушка» ха­­лықтық фольклорлық ансамблі өз­дерінің концерттік бағдарламасына қосыпты. Тыңдадық. Ән орындау ше­берліктері сәтті шықты деуге толық негіз бар. «Сударушка» халықтық фольклорлық ансамблінің концерті Нұрлан Есембаевтың «Қазақстан» әнімен қорытындыланды.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: