«Қызға қырық үйден тыю»

770 Views

өткен жылы ауданымызда ерте жүктілік бойынша 13 дерек тіркелді

Осы соңғы кездері маған ата-бабамыздан мирас болып қалған «Қызға қырық үйден тыю» деген тәмсіл жай ғана жаттанды сөзге айналып бара жатқандай көрінеді. Оған бұрымдыларымызға қатысты орын алған кейбір келеңсіз жайттарды дәлел ретінде келтіруге болады. Ол қандай жайттар дейсіз ғой?! Ендеше біз бүгін сіздермен бірге кәмелеттік жасқа жетпей жатып, етегін жоғары көтерген, сол арқылы жақындарының жүзін төмен түсірген нәзік жандыларымыздың қазақ менталитетіне сай келмейтін іс-әрекеті жайында сөз қозғаймыз.
Біз ежелден бала тәрбиесіне мықтап көңіл бөлген халықпыз. Әсіресе, қыз тәрбиесіне келгенде аса байыппен қарайтынымыз әу бастан белгілі. Себебі, біздің ұғымда қыз намысы ұлт намысымен пара-пар.
Бірақ, неге екені белгісіз, соңғы кездері ұят пен ардан аттаған, өзін «адал жар» статусына жақындатпаған қаракөздердің қатары көбейіп барады. Бірден келісіп алайық, біз қазақ қыздарының бәрі жоғарыда біз суреттеген протатипке сай келеді деуден аулақпыз. Дейтұрғанмен, орын алған фактілер жоқ емес, бар. Тіпті, аз деп айтуға да ауызың бармайды.

Мәселен, соңғы статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, өткен жылы ауданда балиғат жасқа толмай жатып 13 қыз жүкті болса, биылғы жылдың өзінде бір қарындасымыз ерте жүкті болуға ерік берген. Ескеретін бір жайт, 2020 жылы тіркеуге алынған 13 қыздың бәрі де 18 жасқа толмаған. Дәлірек айтар болсақ, жүкті әйелдер регистры бағдарламасына есепке алынған бұрымдылардың 1-еуі – 15 жаста, 2-еуі – 16 жаста, 10-ы – 17 жаста екен. Барлық есепке алынған жүкті жасөспірімдердің 11-і перинатальдық орталықта босанса, 1-еуі аудандық орталық ауруханада босанып, өз сәбиін кеудесіне басқан. Бір қуантарлығы, жасөспірімдердің 13-і де мектеп қабырғасында оқымайды. Сөзімізге сеніңіз, алдыңғы жылдары мектепте оқып жүріп-ақ жүкті болған қыздар да баршылық.
Ерте жүкті болу – жас ағзаның денсаулығына өте зиян. Өкінішке орай нәзік жандыларымыз бұл фактіні өз деңгейінде елемей, оған атүсті қарауда. Мамандар да біздің ойымызбен келіседі. Мысалы, орталық перзентхананың дәрігері, акушер-гинеколог Ғазиза Терлікбаева ерте жүктілік жас қыздың психологиясына, физиологиясына кері әсерін тигізетінін айтады. «Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары жоқ емес, бар. Дегенмен, менің ойымша бұл шаралар ата-аналар тарапы­нан өз деңгейінде орындалмайды. Мәселен, көптеген аналар есейіп қалған қызымен ашық әңгіме айтудан алшақтайды. Соның салдарынан жасөспірімдер ғаламтордағы ақпараттарды ақтарып, көптеген керексіз мәліметтерге қанық болады. Қызығушылықтың әсерінен ерте жыныстық қатынасқа түсіп, нәтижесі өзекті өртейтін жайтқа әкеп соқтырады. Ерте жүктілік ананың да, баланың да денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да, әрбір ата-ана өз баласымен бұл тақырыпта емін-еркін сөйлесуі қажет деген ойдамын» деп өз пікірімен бөлісті. Расымен де, кәсіби маманның айтқан ойы шындыққа жанасатын секілді. Дені сау, он екі мүшесі толық қалыптасқан сәбиді дүниеге әкелу үшін ананың да денсаулығы ойдағыдай болуы қажет емес пе?!

Тақырыпқа тұздық

Біз мақаланы жазу барысында көптеген мәліметтерді қарастырып, оларға мұқият зер салдық. Әлеуметтік желілерді ақтара отырып, ерте жүктілікке тап болған үрімдей қыздың мына бір әңгімесін көзіміз шалып қалды. Тақырыпқа тұздық болар деген үмітпен басылым бетіне жариялауды жөн көрдік. Оңтүстік өңірдің азаматшасы басынан өткен оқиғасын былай деп баяндайды:
– Қазір балам бір жастан асты. Өзімнің сүйген жігітіммен көңіл қосқам. Бірде әр түрлі иістерге лоқси бастадым. Дереу ғаламторға көз жүгіртіп шықтым. Жігітіме дәріханадан тест алдырып, тексеріп көргенімде, аяғымның ауыр екенін білдім. Бұл оқиғадан соң, сүйіктім ат тонын ала қашып, тіпті байланысқа шығуды қойды. Түсік барлық мәселеге нүкте қоятын жалғыз шешім болып көрінгені рас. Бірақ, өз еркіммен ауруханаға баруға қорқып, өз ойыммен алысып жүргенде біршама уақыт өтіп те кетті. Анам түсік жасатуға кеш болғанда барып білді. Мені әкесіз өсіріп, тәрбиелеп келе жатқандықтан, жаны қатты қиналғанын білемін. Сондай күйіне қарамай, баланы сақтап қалу керек деп шешті. 16 жасыма бір жеті қалғанда өмірге шекесі торсықтай ұл әкелдім. Жігітімді полиция қамауға алды. Оған қандай жаза қолданғанынан хабарым жоқ. Балалы болған соң, жер ауыстыруға тура келді. Себебі, ауылымда мен жайлы өсек белең алып, көшеге шыға алмайтындай жағдайға жеттім. Тай құлындай тебісіп өскен достарым да теріс айналды. Былайша айтқанда, дүние төңкерілгендей күйге түстім. Анам да қиналды, оның үстіне жұрттың саусағын шошайтып көрсететіндерінен әбден шаршаса керек, 4-5 айдан кейін көрші облысқа қоныс аудардық. Мұндай мектепке қабылдануым да кәдімгідей дау тудырды. Келер оқу жылында 11-сыныпқа барамын. Мектепті бітірген соң, жоғары оқу орнына түсетініме сенбеймін. Себебі, онсызда орташа оқитын мен балалы болған соң үлгерімім тіпті нашарлап кетті.
Арманым дәрігер болу еді. Әкем ауыр дерттен көз жұмғанда, өзіме «Қалайда медициналық жоғары білім аламын» деп уәде берген едім. Алайда, жоспарсыз жүктілік өмірімді күрт өзгертті! Депрессияға түсіп, қатты күйзелген күндерім болды. Тек ұлым үшін есімді жинап, еңсемді көтеремін.

www.el.kz сайтынан алынды.

Иә, бойжеткеннің баяндамасына зер салсаңыз, көп нәрсені аңғаруға болады. Бұл жұдырықтай жүректегі жанайқай көптеген жасөспірімдердің бұрыс емес, дұрыс қадам жасауына сеп болар деген ойдамыз.

Мәселен, соңғы статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, өткен жылы ауданда балиғат жасқа толмай жатып 13 қыз жүкті болса, биылғы жылдың өзінде бір қарындасымыз ерте жүкті болуға ерік берген. Ескеретін бір жайт, 2020 жылы тіркеуге алынған 13 қыздың бәрі де 18 жасқа толмаған. Дәлірек айтар болсақ, жүкті әйелдер регистры бағдарламасына есепке алынған бұрымдылардың 1-еуі – 15 жаста, 2-еуі – 16 жаста, 10-ы – 17 жаста екен. Барлық есепке алынған жүкті жасөспірімдердің 11-і перинатальдық орталықта босанса, 1-еуі аудандық орталық ауруханада босанып, өз сәбиін кеудесіне басқан. Бір қуантарлығы, жасөспірімдердің 13-і де мектеп қабырғасында оқымайды. Сөзімізге сеніңіз, алдыңғы жылдары мектепте оқып жүріп-ақ жүкті болған қыздар да баршылық.
Ерте жүкті болу – жас ағзаның денсаулығына өте зиян. Өкінішке орай нәзік жандыларымыз бұл фактіні өз деңгейінде елемей, оған атүсті қарауда. Мамандар да біздің ойымызбен келіседі. Мысалы, орталық перзентхананың дәрігері, акушер-гинеколог Ғазиза Терлікбаева ерте жүктілік жас қыздың психологиясына, физиологиясына кері әсерін тигізетінін айтады. «Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары жоқ емес, бар. Дегенмен, менің ойымша бұл шаралар ата-аналар тарапы­нан өз деңгейінде орындалмайды. Мәселен, көптеген аналар есейіп қалған қызымен ашық әңгіме айтудан алшақтайды. Соның салдарынан жасөспірімдер ғаламтордағы ақпараттарды ақтарып, көптеген керексіз мәліметтерге қанық болады. Қызығушылықтың әсерінен ерте жыныстық қатынасқа түсіп, нәтижесі өзекті өртейтін жайтқа әкеп соқтырады. Ерте жүктілік ананың да, баланың да денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да, әрбір ата-ана өз баласымен бұл тақырыпта емін-еркін сөйлесуі қажет деген ойдамын» деп өз пікірімен бөлісті. Расымен де, кәсіби маманның айтқан ойы шындыққа жанасатын секілді. Дені сау, он екі мүшесі толық қалыптасқан сәбиді дүниеге әкелу үшін ананың да денсаулығы ойдағыдай болуы қажет емес пе?!
Біз әдетте мұндай жағдайларда қыз баласын барынша кінәлап жатамыз. Тіпті, қоғам арасында «Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» деген сөз белең алып кеткенін, кейбір «еркек кіндіктілер» осы сөз арқылы өз әрекеттерін ақтап алуға тырысатынын байқап та жүрміз. Бірақ, өзгертуге келмейтін белгілі бір талаптарды сөз ете кетейін. Қаперіңізде сақтаңыздар, жігіттер қауымы! Кәмелетке толмаған қызды ерте жыныстық қатынасқа тартқан кез келген ер азамат заң алдында міндетті түрде жауап береді. Ол үшін қарастырылған арнайы қатаң заң да бар. Егер де дәл осындай «еріккендікке», яки «шайтанның азғыруына» жол берсеңіз, ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабына сәйкес, үш немесе бес жылға бас бостандығыңыздан айырылуыңыз әбден мүмкін. Сондай-ақ, заң талаптарына мұқият зер салсаңыз, он алты жасқа толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер бойынша ата-ана мен педагогтерге де қатаң шара қолданылатынын ескергендеріңіз жөн болар.
Құрметті ата-аналар! “Қызым, саған айтамын…”, деп бұрымды баласының тәрбиесіне ерекше мән беретін халық емеспіз бе?! Бүгінгі балаларымыз ертеңгі еліміздің болашағы екенін жіті ұғынғанымыз жөн болар. Ұл болсын, қыз болсын олардың тәрбиесіне мықтап көңіл бөлейік. Себебі біздің ел түсік жасату фактілері бойынша әлемдік антирекордтың ондығына кіреді екенбіз. Аборт жасату жатыр мойынының және күшті инфекциялық асқынуға, бедеулікке әкеп соқтырады. Бұл енді бөлек әңгіме…Сондықтан «Қызға қырық үйден тыю» деген өсиетті жадымызда мықтап ұстанғанымыз абзал.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: