Кезекті аппараттық кеңес өтті
52 ViewsКеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылу барысы пысықталды. Соңғы екі жылда аудан аумағында 22,5 гектар жерге…
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні. Осыған орай аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Ана тілім – ардағым» атты этно мәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу кешіне 5 этно мәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шара барысында қырғыз ұлтының өкілі Жанболат Самарұлы «Ана туралы жыр» әнін асқан шеберлікпен орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұдан соң қазақ этно мәдени бірлестігінің жетекшісі Айгүл Жиенбаева кездесуге қатысушыларды ана тілі мерекесімен құттықтап: «Ана тілі – кез келген адамға бала күнінен ананың сүтімен, әкенің қанымен келетін игі дүние» деп өз ізгі ниетін білдірді. Ал Нұршат Ерсайын ақын М.Шахановтың тіл туралы өлеңін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар іс-шара барысында М.Нұрмағанбетова, Ұ.Ерболқызы, Л.Левицкая, Ю.Париева, Э.Асылбекова секілді өнерпаздар әннен өрнек өріп, биден шашу шашты. Кездесу соңында этно мәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері арасында танымдық ойындар ұйымдастырылды.
«Құлан таңы» ақпарат.