Көкжөтел дегеніміз не?
43 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Депутат – үлкен жауапкершілікті арқалайтын, қарапайым жұртшылықтың үніне құлақ асып, игі істерге бастайтын, халық таңдап, сайлаған сенімді өкіл. Бүгінгі қоғамда халық қалаулылары мен қарапайым жұртшылық арасындағы өзара байланыстың нығаюы мен жергілікті жерлердегі көкейтесті мәселелердің дер кезінде шешімін табуы жауапты міндетті арқалап жүрген депутаттардың еншісінде деп білеміз. Осы тұрғыдан алғанда аймақтарда халықтың әл-ауқатының жақсаруы, білім, ғылым, денсаулық, мәдениет саласындағы заманауи жетістіктер нәтижелі істердің нақты көрінісі болмақ.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары мәслихаттар жергілікті биліктің әрекеттерінде негізгі рөлге ие болғанын сеніммен айтуға болады.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан саяси және экономикалық үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Мұнда да жергілікті өкілді органдар өкілдерінің сүбелі үлесі бар.
Дәл қазіргі таңда аудандық мәслихатта 14 депутат қызмет атқаруда. Олардың 12-сі «Nur Otan», 1-еуі «Aq jol», 1-еуі «Adal» партиясынан іріктеп алынды. Халықтың еркін таңдауының нәтижесінде сайланған депутаттар түрлі бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде, «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Жастар – Отанға» секілді жобалар бойынша мәслихат депутаттары қызмет атқарып, алдыңғы қатарда жүр. Бұл олардың халыққа бір табан жақын екендігінің айқын көрінісі.
Аудандық мәслихаттың әрбір депутатының жеке алғандағы белсенділігін арттыруда, олардың беделін аудан тұрғындары алдында көтеруде, сайлаушылардың талап-тілектерін орындаудағы жұмыс әдісі мен түрлерін жетілдіруде едәуір жұмыс атқарылып жатыр. Аудандық мәслихат депутаттары өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында сайлаушылардың ұсыныс-пікірлері бойынша сессия және тұрақты комиссия отырыстарында мәселелер көтеріп, олардың орындалуына өз үлестерін қосуда. Депутаттардың бәрі дерлік өздерінің сайлауалды бағдарламаларын және сайлаушылармен кездесу барысында туындаған талап-тілектерін іске асыру мақсатында ауданның атқарушы органдарының алдына талаптар қойып отырады.
Бүгінгі таңда әрбір депутаттың өз сайлау округіндегі тұрғындармен тығыз байланысы қалыптасты деуге толықтай негіз бар. Депутаттар сайлаушыларды қабылдап, олармен кездесулер өткізіп, толғандыратын ортақ проблемалар мен маңызды мәселелерді ұдайы талқылап отырады.
Уақыт, өмір бір орнында тұрмайды. Ол кез келген өміршең мәселелердің өзіне де жаңаша тұрғыдан қарап, дамытып, жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Елбасы атап өткендей, «Мәңгілік Ел» идеясы біздің мемлекеттік саясатымыз болуы керек. Қазіргі буынның маңдайына тәуелсіздіктің туын тігу бақыты мен оны нығайтып, баянды ету міндеті тұр» деп үлкен сенім артып отыр. Бұл сенім әрбір азаматты жауапкершілікке шақырып, игі істерге бастайтын ұран деп білеміз. Сондықтан да Отанымыздың болашағы баянды, келешегі кемелді болуы үшін аянбай еңбек ететін боламыз.
Ендеше, бірлігіміз бекем, тірлігіміз түзу болып, тәуелсіз еліміздің абыройы асқақтай берсін!
Ербол ӘБУТӘЛІПОВ,
аудандық мәслихат хатшысы.