Ботулизмнің алдын алу
30 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Көзі қарақты оқырмандарымыздың есінде болар, еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 2015 жылы 23 сәуір күні Бейбітшілік пен келісім сарайында «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған 22-ші сессиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болар еді» – деп бастама көтерген болатын. Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні» деп жариялады.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған еліміздің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл мереке бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Төл газетіміздің биыл 9 ақпан күнгі нөмірі 12 санында ауданымыздың байырғы тұрғыны Ариф қажы Ахаевтың «Татулықтың төркіні тереңде жатыр деген» мақаласында жергілікті тұрғындар сонау 1944 жылдары қиын-қыстау кезеңде өздері мұқтаждықта өмір сүріп жатса да, өзге ұлт өкілдерін өз үйлеріне құшақ жая қарсы алып, бір үзім нанды бөліп жеп, бүгінде «Біз қазаққа бауыр басып кеттік» деп елдегі татулығымызға ризашылығын білдіріпті. Өте орынды. Бұл елдегі татулық пен бірліктің көрінісі. Мейірімділік пен қайырымдылыққа баулитын адамдар бойына ізгі қасиеттер дарытатын «Алғыс айту күні» биыл алтыншы рет атап өтілуде. Еліміздің түкпір-түкпірінде жақсылық жасап жарысып жатқан азаматтарымыз күн сайын көбейіп келеді. Біздің ауданымызда да жаны жомарт азаматтар баршылық. Оларға алғысымыз шексіз. Қымбатты жерлестер, баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің атынан 1 наурыз – «Алғыс айту күні» мерекесімен құттықтаймын. Әрқайсыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
С.Өтегенов,
аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы.