Кезекті аппараттық кеңес өтті
24 ViewsКеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылу барысы пысықталды. Соңғы екі жылда аудан аумағында 22,5 гектар жерге…
Ауданымызда еселі еңбек етіп, өңірдің өсіп-өркендеуіне тер төккен жандар баршылық. Бұл кісілер біріншіден – ел мерейі, екіншіден – айналасының шамшырағы. Міне, осындай ізгі жандардың қатарында әйелдер қауымының орны бөлек. Себебі, әйелдер қауымы біршама жылдар бойы ел мүддесі жолында талмай қызмет етіп келеді. Ауданның әлеуметтік, экономикалық дамуына қызмет еткен жандардың еңбегінің еленуі де заңды. Мерекеге орай Құлан ауылдық округінің әкімі Е.Сейтжапаров пен кауымдастық кеңесінің төрағасы Б.Әліпбаев Құлан ауылының қарияларын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Осы орайда қариялар да өздерінің ізгі ниет, ақ тілегін білдірді. Аталған іс-шараға аудандық мәслихат депутаты Н.Сансызбаев пен жеке кәсіпкер Р.Рахышева демеушілік көрсетіп, ілкімді іске себепші болды.
«Құлан таңы» ақпарат.