Рухани жаңғыру – болашағымыздың өзегі

262 Views

Біз рухани жаңғыруды жиі айтамыз. Бірақ ол қалай жүзеге асырылады? Бағдарламалық мақаланың мәні мен мазмұнына қаншалықты қанықпыз? Міне, жуырда аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған семинардың да мақсаты осы еді. Аудандық мәдениет үйіндегі «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде өткен семинарға облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі басшысының орынбасары Данияр Өмірбеков, аталмыш офистің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Алимжан Қалмұратов, «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жобаларды ілгерілету бөлімінің консультанты Назым Шабан арнайы шақырылды. Дөңгелек үстел форматында өрбіген келелі семинарды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернұр Мадияров сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды.
Семинар барысында рухани жаңғыруды дәріптеп жүрген мамандар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» секілді жалпыұлттық мақалаларының негізгі түптамыры, бағыты, көздеген мақсаты әріде жатқанын тілге тиек етті. Семинарға қатысушылар да мамандар айтқан түрлі дәйек мағлұматтарға қанығып, қажеттілерін қойын дәптерлеріне түртіп алып отырды.

М.Аятберген.

Поделиться ссылкой: