Жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды

649 Views

Аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің екінші күнгі, яғни сенбіге жоспарлаған сайыстары да тартысқа толы болды. Ел тәуелсіздігіне 30 толуына орай «Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз!» ұранымен өткен сайыста мүмкіндігі шектеулі жандар дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінен бақ сынады. Нәтижесінде дойбыдан әйелдер арасында жүлделі үшінші орынды Анна Чернаусова, жүлделі екінші орынды Майра Құттыбаева, ал бірінші орынды Жұлдыз Жанысбаева иеленсе, ерлер арасындағы сайыста жүлделі үшінші орынды Қайрат Жадыраев, жүлделі екінші орынды Нұрбол Шайқұлов, ал жүлделі бірінші орынды Қабілет Тналиев жеңіп алды. Шахматтан Т.Түймебаев жүлделі үшінші орынды еншілесе, жүлделі екінші орынды А.Смайлов иеленді. Бұл жарыста Қ.Бейсеновтың мерейі үстем болып, ол жарыс жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің дипломдары мен медалі табыс етілді.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: