Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Серғазы Айдапкелов, сондай-ақ, аудан әкімі Ерболат Садырқұлов та қатысты.
– Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы өз жұмысын 2020 жылғы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырды. Атап айтсақ, саяси науқан кезінде ауданда 36 сайлау комиссиясы құрылды. Оның 1-еуі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, 35-і учаскелік сайлау комиссиясы. 25 (71,4%) сайлау учаскелері мектептерде, 8 (22,8%) сайлау учаскелері мәдениет үйі және клубта орналасқан. 1 (2,8%) сайлау учаскесі ауылдық округ әкімдігі ғимаратында және тағы да 1 (2,8%) сайлау учаскесі колледж ғимаратында орналасқан. Аумақтық сайлау комиссиясы 7 комиссия мүшесінен тұрады. 35 учаскелік комиссия құрамында 237 комиссия мүшелері бар. Аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан 2020 жылдың 5 маусым және 22 маусым аралығында аудан әкімі аппаратының жұмыс тобымен бекітілген кесте бойынша сайлау учаскелерін түгендеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген түгендеудің қорытындысы бойынша аудан әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдады. Барлық 35 сайлау учаскелерінде тактилді төсеніштер, бейне бақылау камералары орнатылып, қосалқы дизельді электргенераторларымен қамтамасыз етілді, – деді Манарбек Әмреұлы.
Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы кезінде аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі жандардың да дауыс беруіне барлық жағдай жасалынған көрінеді. Ол жөнінде Манарбек Тлепов:
– Ауданда 124 мүгедек және ерекше қажеттіліктері бар адамдар тіркелген. Олардың 79-ы мүгедектер арбасын пайдаланады, 28-і зағип әрі нашар көретін және 17-сі саңырау. Жергілікті атқарушы билік сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша нұсқаулыққа сәйкес нақты шаралар қабылдады. Дауыс беруге арналған үй-жайлар пандустармен, төсеніштермен қамтамасыз етілді. Көру қабілеті төмен жандарға дауыс беру учаскелері компьютерлермен, ұлғайтқыш шынылармен (лупа), қамтамасыз етілді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау учаскелерінде дауыс беруін қамтамасыз ету мақсатында арнайы инватакси бөлінді. Осылайша Орталық сайлау комиссиясының нұсқауына сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін сайлау учаскесі толығымен даярланып, оларға барынша жағдай жасалынды деуге болады. Және бір айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеумен өткізу барысында аудандық, учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, сайлауда заң талаптарына сәйкес нақты жұмыстар атқарды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде сайлау комиссияларының тарапынан ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Аудан бойынша жалпы 40975 адам дауыс берген. Сайлаушылардың саны 30481 немесе 74,39 % -ды құрады. Сайлауға 4 саяси партияларынан, яғни «NurOtan», «Ақжол», «Ауыл», «ADAL» тіркелді. Дауыс беру нәтижелері бойынша депутат мандаттарына 3 партия ие болды. «NurOtan» – 12 мандат, «Ақжол» – 1 мандат, «ADAL» – 1 мандат. Сондай-ақ, ҚР Орталық және облыстық сайлау комиссиясы бекіткен жоспарға сәйкес, сайлауға дайындалу мерзімінде, аудандық сайлау және учаскелік комиссиялары көптеген іс-шараларды өткізді. Мәселен, аудан көлеміндегі барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту және біліктіліктерін арттыру шаралары ҚР Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында ҚР Орталық сайлау комиссиясымен бекітілген оқу жоспарының негізінде жүргізілді. 77 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне ҚР Орталық сайлау комиссиясымен бекітілген қашықтықтан оқыту, оқу жоспарының негізінде аудан орталығындағы Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде арнайы семинар-кеңес өтті. Бұдан бөлек бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, сайлау учаскелерінің шекаралары, басқа да іс-шаралары туралы тұрақты түрде газет бетінде және аудан әкімі аппаратының сайтында уақытылы жарияланып отырды,-деді.
Содан соң облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғазы Айдапкелов сөз сөйлеп, сайлау күні байқаушылар мен бақылаушылар, партия өкілдерінің және жалпы сайлаушылар тарапынан ешқандай наразылықтар болмағанын алдыға тартып, еліміздегі сайлау науқанының жоғары деңгейде өткендігін жан-жақты мысалдар арқылы түсіндіріп берді. Одан кейін аудан әкімі Ерболат Садырқұлов та тақырыпқа орай өз ойын білдіріп, сайлау кезінде жауапкершілікпен жұмыс атқарған жандарға жеке алғысын білдірді. Жиын соңында бір топ азаматтар мен азаматшалар облыстық сайлау комиссиясы төрағасының және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Марат Диханбай.