Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жуырда мекеме жұмысының жоспарына сәйкес «Халыққа қызмет көрсету» орталығында аудандық мемлекеттік архив қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасы өткізілі. Өзіне «Ашық есік күні» деп айдар таққан іс-шарада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» атты мемлекеттік қызметтердің қағидалары таныстырылды. Сондай-ақ, архивте көрсетілетін өзге де мемлекеттік қызметтер толық баяндалды.
Тұрғындарға бұл мағлұматтарды аудандық архивтің басшысы С.Жекебаева мен мекеме қызметкері А.Абдрахманова таныстырды. Сонымен қатар «Халыққа қызмет көрсету» орталығының басшысы Н.Бықыбаев тұрғындарға ғимарат аумағында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаса, бөлім басшысының орынбасары Р.Теміржанов және зал қызметкерлері Ғ.Абылбаев пен Ш.Айтқұлов бүгінгі күннің басты талабы мен тақырыбына айналған электрондық үкімет «Egov.kz-веб» порталы арқылы цифрлы қолтаңба алу, сол арқылы Электрондық үкімет порталына кіріп, өтініш толтыру, дайын құжаттарды қағазға шығарып алу сынды қызметтердің тиімділігін түсіндірді. Тіпті, орталық мамандары келушілердің ұялы телефондарына да «Egov.kz» қосымшасын жүктеп, әрі қарай түрлі сипаттағы анықтамаларды қалай алуға болатынын, портал арқылы керекті мәліметті жедел алу жолдарын айта келіп, кеңінен ақпарат берді.
Шарапаты мол іс-шараға бас-аяғы отызға жуық адам қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға орталықтың жұмысы да таныстырылды. Бүгінде аталмыш орталықтың жұмысы мықтап жолға қойылған. Әр маманның алдында керек құрал-жабдықтардың бәрі бар. Тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар бастамалар да қолға алынған. Айта кету керек, аталмыш шаралардың басым бөлігі «COVID-19» індетінің таралмауына, келушілер мен қызметкерлердің арақашықтығын сақтау мақсатында өз септігін тигізуде.
«Құлан таңы» ақпарат.