Дәстүр жалғасы
Бірлігі жарасып, татулығы ұйысып отырған іргелі ауылдың бірі – Көкдөнен. Кез келген мейрамды бұл ауылдың тұрғындары ұйымшылдықпен өткізеді. Күн мен түннің теңеліп, тіршілік біткеннің жаңадан оянатын тұсы болып есептелетін Наурыз мерекесінде де ауыл тұрғындары аянып қалған жоқ. Ежелден халқымыз игі дәстүрге айналдырған ағаш отырғызуды олар биыл да қолға алды. Ұлыстың ұлы күні мен ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай көкдөнендіктер 150 түп қара ағаш, 30 түп жеміс ағашы, 15 түп шырша екті. Сондай-ақ, әз-Наурыз мерекесінде ауылдағы тұрмысы төмен аз қамтылған 10 отбасына азық-түлік сатып алынып, таратылып берілді. Осынау игі шараға демеушілік жасаған ауылдың 1980 жылғы азаматтары мен жаны ізгілікке толы жаны жайсаң жанның бірі Жанболат Жұмағалиұлына зор алғысымызды білдіреміз.
Сәбит Кенжеғара,
Көкдөнен ауылдық округі әкімдігінің бас маманы.