Еңбегімен танылған азамат
74 ViewsСовет Одағы кезінде елімізге әйгілі, өсіп-өркендеген іргелі, озат шаруашылықтың бірі де, бірегейі де «Луговой жылқы заводы» болғаны баршамызға мәлім. Әр жылдары совхозда еңбек еткен…
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жомарт түлек – 2021» жобасы жақында Т.Әубәкіров атындағы негізгі мектебінде де жалғасын тапты. Аталмыш іс-шараға мектеп ұстаздары мен түлектері қатысты.
Қазақтың Тұңғыш ғарышкерінің есімі берілген мектепті 2007 жылы тәмамдаған Жәнібек Базылбеков, Дидар Намазбеков, Марат Игіліков, Артур Әбдіназаров секілді түлектер қаржылай көмек көрсетіп, оған мектеп ауласын абаттандыру мақсатында талдар мен гүлдер көшеттері сатып алынды. Сондай-ақ, аталмыш акцияға аудандық мәслихаттың депутаты Дәурен Әбдікерім де үн қосқанын тілге тиек ете кетейік.
Ғимарат ауласын көріктендіру және абаттандыру жұмыстарына демеушілік жасап, өз үлестерін қосқан жандарға мектеп ұжымы атынан алғыс айтқымыз келеді.
Шарапат БАБАШЕВА, Т.Әубәкіров атындағы негізгі мектептің директоры.