Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Бірлігі жарасқан ауылда өнімді еңбек көрініс тапты
«Елу жылда ел жаңа» демекші, Абай ауылында өзгеріс көп. Ауданның мерейтойы қарсаңында ауылдың кешегісі мен бүгіні жайлы “ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК” түрінде сөз қозғауды жөн көріп отырмыз.
Абай ауылдық округіне қарасты елді мекендер 1929 жылы Меркі болыстығына қараған №9 және №10 ауылдық артельдер, кейін Еңбекші және Көкарық колхоздары, 1949 жылы екі колхоз Абай атындағы колхоз болып болып аталды.
Абай атындағы колхозды әр жылдары Қожали Әлішев, Базарбай Сүлейменов, Бердіқожа Дәлібаев, Тұман Ахметов, Келгенбай Баймолдаев, Ерлік Омаров, Сырғатай Махамбетов, Шорабек Атабаев, Рахманалы Абдықадыров, Бейсенбай Таңбаев, Берік Қарақойшиевтер басқарса, ауылдық кеңесті (Сельсовет) әр жылдары Ережепбай Жетібаев, Тоқтағұл Бұлғақов, Мұқан Темірбеков, Берік Қарақойшиев, Тұрлыбай Алдажановтар басқарды.
Ал, ауылдық кеңес таратылған 1995 жылдан бастап ауыл әкімі қызметінде әр жылдары Сауытбек Иманбаев, Серікәлі Қаратышқанов, Жарылқасын Дидаев, Марат Әлкереев, Ермек Көпбаевтар лайықты еңбек етті. Қазіргі уақытта ауыл әкімдігін Мұратбек Дәкенұлы Арыстанбеков басқаруда.
Ұлы Отан соғысының зардабын ауылдың әр шаңырағы тартты десек, артық айтқандық емес. Азаматтар Отан қорғауға аттанғанда елдегі бала -шаға бар ауыртпалықты арқалап, егін егіп, шөп шауып, мал бақты, отбасына иелік етіп, ауыр жұмыстарды атқарды.
Ауылдан Ұлы Отан соғысына 350-дей адам аттанса, соның 112-і соғыстан қайтпаған. Ол азаматтарға ауыл орталығынан 1970 жылы «Белгісіз кеткен солдат» ескерткіші орнатылды. Ұлы Отан соғысында пулемет атқышы болып, ерекше ерлік көрсеткен ІІІ және ІІ дәрежелі «Даңқ», І және ІI дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталған, «Ерлігі үшін» медалінің иегері Дәкен Арыстанбеков, ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегерлері Құралбай Жүзбаев, Шамшидин Мұсабеков, «Отан соғысы» орденінің иегерлері Сайтжан Теңгебаев, Садыхан Смаилов Асан Дауренбаев, Қойшы Қойайдаров, Төлен Смаилов, Ниязалы Беркімбеков, Нияз Срайлов, Құлжабай Тазабеков, Асан Өтепбаев, Мәткерім Иманбаев, Жабай Сыдықовтар елге аман – есен оралып, бейбіт өмірде абыройлы еңбек етті.
“Абай” колхозының аудандағы іргелі шаруашылыққа айналуына өздерінің қомақты үлестерін қосқан азаматтар аз емес. Қыстың суығына, жаздың ыстығына қарамастан міндеттелген тапсырманы асыра орындап, негізінен қой және жылқы өсіріп, отарларын көбейтуге атсалысқан ауылымыздың мақтаныштары Шәбден Жапаров, Рахымжан Әмреев, Жарылқасын Шайыхов, Әлдибай Бердіғұлов, Боранбай Сарымсақов, Әбдіраман Әбдиев, Нәзір Долаев, Бүйрабек Жүзбаев, Беделбай Қалмашев, Сиқымбай Отаров, Әтейбек Ихиев, Несіп бай Әбілдаев, Мәлік Исалиев, Мырзан Асанбеков, Төкеш Беделов, Нұрғазы Жүзбаев, Берік Қылышов, Зәйдін Мұсабеков, Дадын Мұсабековтер толлассыз еңбек етіп, абыройлары артты. Ауылшарушылық жұмыстарда шынжыр табанды трактор техникасын жүргізіп, ауыл экономикасын көтеруге үлес қосқан азаматтар Базарбай Жамалбаев, Тұрғынбай Имашов, Төрехан Бобатаев, Көктеубай Мынжытов, Асан Өтепбаев, Көктай Секербеков, Кеңесбай Бошанов, Көшкінбай Әбілдаев, Төленбай Жақашев, Асқанбай Сланов, Тұтқышбай Барменқұлов, Жақсылық Ағыбаев, Орынбасар Шамшиев, Рахым Жырғалбеков, Жиекбай Өскенбаевтар болатын. 10 жасынан Атабай Қиялбековтың соқа тіркемешісі болған Тоқтасын Сәменқұлов 1938-1939 жылдары ауданда құрылған МТС-та алғашқы “ШТЗ-ы” тракторының тракторисі болып, осы өңірдегі 5-6 ауылдың жерін жыртқан. Колхоздың автомобиль жүргізушілері Нохрабек Қоқаев, Әбідін Секербеков, Рысқұл Ботаханов, Жұман Жақашев, Мұхаметәлі Омбаев, Мамытбек Қойайдаров, Есенғали Құралбаев, Ерғали Өтепбаев, Әлмахан Назарқұлов, Жүсіп Сыдықовтар көліктерімен құмға да, тауға да баруға әрдайым дайын тұратын.
Қант қызылшасын өсіруде звено жетекшілері Мәнді Бақашева, Күлішкүл Мұсабекова, Сейдахан Оразымбетова, Күлзада Айдарбекова, Қаланкүл Секербекова, Қалдан Ағыбаева, Алшакүл Сүлейменова, Мәдина Алшабаева, Үмітай Арыстанбекова, Бүбізейнеп Иманбаева, Бүбіхан Дәуренбаева, Күлшікен Шыңбаевалар үздік көрсеткіштерге қол жеткізген.
1930 жылдары іргесі қаланған Абай атындағы орта мектеп алғашқыда бастауыш, 1950 жылдың басынан 1970 жылға дейін 8 жылдық, 1970 жылдан бері орта мектеп статусын алды. 2003 жылғы жер сілкінісінен кейін мектеп ғимараты жаңадан салынды. Қазіргі уақытта 359 бала білім алып жатыр. Мектепті әр жылдары Әшімбай Әбдіхалықов, Әбжан Әміркенов, Қырықбай Манапов, Алтынкүл Бекебаева, Қабылтай Әліпов басқарған. 1989 жылдан бері мектеп директоры болып Әйткен Әбішев қызмет атқаруда.
Ережепбай Жетібаев, Нұрсейт Жаукеев, Шолпан Нарботаев, Оңласын Күнбасов, Бауыржан Намазбаев, Тұрысбек Қырбасов, Жұмабек Еспенов, Бейсенбек Рүстенбеков, Алтынкүл Бекебаева, Әлимакүл Естаева, Зинаш Қанағатова, Гүлнархан Қасымжанова, Рәнза Шолжанбекова, Шайкүл Ахметова, Тұрсынкүл Әбілдаева, Баян Тубекова, Аманкүл Шіркеева, Әсен Қаракөзова, Түймекүл Оразалиева, Қанаткүл Жазықбаева, Назым Маткеримова, Өміркүл Мәметова, Патшакүл Сатова, Бағдат Заурбековалар мектепте ұзақ жылдар еңбек етіп, бала тәрбиелеуде үлкен үлес қосқан ардагер ұстаздар. Осы білім майталмандарының шәкірттері бүгінде ауданымыздың әр саласында қызметтер атқаруда.
БҮГІН.
Ғасырлар бойы көксеген тәуелсіздігімізге жеткелі де, міне, ширек ғасырға жақындады. Тоқтаусыз зырылдап өткен уақытпен таласа ұрпақтарымыз өсіп, өрісіміз кеңеюде. Еркін елде еңсемізді тіктедік, жоғымызды түгендедік. Ауылымыз да қаймағы бұзылмаған күйі дін аман деп Аллаға шүкіршілік етеміз. Әлі де ауылға көшіп келмесе, ауылдан көшетіндердің саны аз.
Ауылымыздың мәдениеті біртіндеп көркейіп келеді. 2008 жылдан бері Еңбекші және Көкарық ауылдары толықтай табиғи газ желісіне қосылған. 2013 жылы ауылымыздың елді мекендерінің барлық көшелері «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында таза су жүйесімен қамтылды. 2017 жылы ауыл орталығына жаңадан дәрігерлік амбулатория ғимараты салынды. Ауылдағы барлық елді мекендердегі көшелер толық түнгі электр жарығына қосылған. 2003 жылы аудан аумағында болған жер сілкінісі зардаптарын жою жұмыстары кезінде мемлекет көмегі арқылы ауылдағы тұрғын үйлердің 90 пайызы жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Ауылдың ортасына салынған монумент маңындағы саябақ қазір жайнаған баққа айналуда.
Бүгінгі күнге ауылда 52 шаруа қожалық жұмыс атқарады. Негізінен, егін және мал шаруашылығымен айланысады. Шаруа қожалықтар ішінен жақсы көрсеткіштерімен жұмыс істеп тұрған мал шаруашылығымен айланысатын «Сүйін» шаруа қожалығын (басшысы Сүйінкүл Бәрменқұлова) және егін шаруашылығымен айналысатын «Дауылбай» шаруа қожалығын (басшысы Шарапат Жұмағұлова) атап өтуге болады.
Бетті дайындаған
М.ӨТЕГЕНОВА.