ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

488 Views

Мереке қарсаңында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов барлық сақтық шараларды сақтай отырып, қабылдау өткізді. Бұл жолы әкім қабылдауында әскери және құқық қорғау қызметкерлері болды.
— Бұл мереке — батырлардың даңқты рухын ардақтап, Отанға адал қызмет етуді айқындайтын айтулы күн.
Бұл күнi бiз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетемiз. 7 мамыр — егемен елiмiздiң қарулы күштерiнiң мерейiн асқақтататын, Отан үшiн отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Бұл күннiң мемлекетiмiздiң болашағы үшiн маңыздылығы жоғары, себебi әрбiр қазақстандықтың ұлы да, құрметтi мiндетi Отанды қорғау екені белгілі. Отандастарымыз үшін бұл мереке — батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді, — деп атап өтті Ерболат Салқынбекұлы.
Жиын соңына қарай бейбіт таңның атуына себепші болған сардарлар мен сарбаздар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: