Келелі жиын өтті
24 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Соңғы кездері мемлекет тарапынан ана мен балаға көрсетіліп жатқан көмектер өте көп. Осыған қарап-ақ, еліміздегі әр ана мен баланың жағдайы тікелей бақылауда тұр десек қателеспейміз. Оны аудан аумағында атқарылып жатқан шарапаты мол шараларға көз жүгіртіп-ақ анық аңғаруға болады.
Мәселен, жыл басынан бүгінгі күнге дейін жан басына шаққандағы табыстары күнкөріс деңгейінің кедейшілік шегіне жетпейтін аудандағы 914 отбасының 4952 адамына бюджеттен 99,5 млн. теңге көлемінде қаржы тағайындалып, аталмыш сома толығымен төленген. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтама ай сайын берілуде. Нақты айтар болсақ, сәуір айының өзінде аудан бойынша 1 жастан 3 жасқа дейінгі – 388 балаға, 3 жастан 6 жасқа дейінгі – 404 балаға, барлығы 792 балаға кепілдік берілген әлеуметтік топтама тағайындалып, толықтай таратылып берілген. Ал соның ішінде топтаманың жартысына жуығы құландық бүлдіршіндерге бұйырып отыр.
Өткен аптада дәл осы 341 құландық балалардың ата-анасына әлеуметтік топтамаларды аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың өзі табыстады. Аталмыш іс-шараға аудан басшысынан бөлек оның орынбасары Жандос Ордабаев, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Сәуле Умеева, ауылдық округ әкімі Еркін Сейтжапаров қатысты.
Шара барысында аудан басшысы аналар мен балаларға көрсетіліп жатқан көмектердің маңыздылығына тоқталып кетті. «Ана мен баланың өмірі еліміз үшін аса маңызды. Әсіресе, біз үшін балалардың дұрыс тамақтануы бірінші кезекте тұрған мәселелердің бірі. Сол себепті де жауапты мамандармен бірлесіп, осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аудардық. Бір қуантарлығы, бұл топтамалар бұрыңғыдай ауданымызға ұзақ жол жүріп келмейді. Биылдан бастап топтаманы дайындау міндеті жергілікті жеке кәсіпкер Г.Нишановаға жүктелді. Бүгінде кәсіпкер иелігіндегі сауда орталығымен келісімшарт жасалынып, топтамалар өз ауданымызда дайындалуда. Тағам түрлерінің сапасына бөлімнің арнайы мамандары жауапты. Сондықтан да қандай да бір олқылық орын алатын болса, бірден хабарлауларыңызды өтінеміз. Аталмыш жұмыстар жоспарға сәйкес жыл бойы жалғасатын болады» — деп мемлекет тарапынан көрсетілетін өзге де көмектер жайында сөз етті.
Ал өз кезегінде құландық аналар аудан басшыларына шексіз алғыстарын білдірді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.