Кеңейтілген отырыс өтті
11 ViewsКеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Жамбыл…
Жалпы мемлекет басшылары соңғы жылдары аналарды алаңдатқан сан түрлі мәселелерге жіті көңіл аударып, оның оң шешілуін басты назарда ұстауда. Бұл қадамдар жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылардың әл-ауқатының жақсаруына, тұрмыс салтының өзгеруіне ауыз толтырып айтарлықтай өз ықпалын тигізуде. Дейтұрғанымен, дәл осындай баянды бастамаларға қарамастан, шешімі түйіндеулі тұрған мәселелер әлі де баршылық. Өткен аптада солардың бірқатарына көп балалы аналармен кездескен аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев құлақ түріп көрді.
Аудандық «Сұлутөр» кинотеатрында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасарынан бөлек тиісті сала басшылары да қатысты. Олар аналар тарапынан қойылған сан түрлі сауалдарға тұшымды жауап қайтарды. Көп балалы аналар аталмыш жиынға бірқатар нақты ұсыныстарымен келіпті. Солардың алғашқысы әлемге төнген қауіп-қатердің төңірегіндегі даулы мәселелердің біріне арналды. Нақты атап өтетін болсақ, сауал мәжбүрлі вакцинаға қатысты болды. Оған аудандық орталық аурухананың мамандары нақты жауап қайтарып, мәселенің мән-жайын кеңінен түсіндіріп берді. Жауапты мамандар екпе егу ерікті түрде жүргізіліп жатқанын, жұмыстар еліміздің бас санитар-дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес орындалып отырғанын ескертті. Келелі кездесу барысында көпбалалы аналарды толғандыратын басты мәселелердің қатарында баспана алу, тұрғын үй кезегіне тұру, жер теліміне қол жеткізу, атаулы әлеуметтік көмек алу, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың сапасы, кәсіпкерлікті дамыту, оқу кезінде балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мектеп формасын алуға қаражат бөлу, ауданда инклюзивті балаларға арналған педагогикалық кабинет ашу, сондай-ақ, қысқы мал азығының бағасын тұрақтандыру мәселесі де аналар тарапынан көтерілді. Бөлім басшылары жолданған аталмыш сауалдарға нақты жауап қайтарып, кеңінен мағлұмат берді.
Жиын соңында барлық сұрақтар хаттамаға тіркелді. Алдағы уақытта аналардың ұсыныс тілектері бойынша жүйелі жұмыстар атқарылатын болады.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.