Жолдау мазмұны талқыланды

527 Views

Өткен аптада аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде келелі жиын өтті. Жиналыстың басты тақырыбы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауы болды. Жиынға тәрбие, идеологиялық және әскери патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары, подполковник Маханов Ерлан Жұмағалиұлы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, майор Ауелбаев Болат Абдімәлікұлы, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Сәрсеханұлы, аудандық «Тәжік-Ауған» шекара қызметінің төрағасы Өркен Заурбеков қатысып, өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде жиналыстың күн тәртібіне қойылған басты тақырып Жолдау мазмұны толықтай қамтылып, қарастырылған мәселелер мен қойылған тапсырмалар жеке құраммен талқыланды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: