Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Өркениетке қол созған елімізде экономикалық өсіммен қатар, елдің рухани бай құндылықтарын да дамыту мәселесі мықтап қолға алынған. Соның нәтижесінде ел аумағының әр түкпірінде заманауи жабдықталған мәдениет ошақтары салынып, бүгінде халық игілігіне беріліп келеді.
Төскейінде берекенің қазаны қайнаған, босағасына бақ пен береке ұялаған, ақындық пен жыраулықтың ақ бесігі саналған қасиетті Құлан жерінде де мәдениет пен өнерді дамыту жұмыстары жоспарға сәйкес іске асырылуда. Атап айтар болсақ, бүгінде ауданда жалпы 53 мәдениет ошағы тұрғындарға қызмет көрсетуде. Олардың қатарында Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйі, «Сұлутөр» кинотеатры, 7 ауылдық мәдениет үйі мен 13 ауылдық клуб бар. Сондай-ақ, бұл тізімге 31 кітапхананы да қосуға болады. Мұның өзі ауданның дамуына серпін берген көрсеткіштің бірі деп білеміз. Дейтұрғанмен, өзекті мәселелер де жоқ емес, бар. Солардың бірі жуырда аудандық «Құлан таңы» газетінде мәселе болып көтерілген болатын. Дәлірек айтар болсақ, газеттің 21 қыркүйек күні жарық көрген №77 (7776) санында тілші Марат Диханбайдың «Құрғақ уәде болғаны ма, сонда?..» атты ойтолғағында Көгершін ауылдық округінде салынатын мәдениет үйі жайында сөз қозғалыпты. Журналист өзінің сыни мақаласында биыл аталмыш ауылға жыл басында берілген уәде бойынша мәдениет ошағы салыну керектігін айтқан. Аудан әкімінің баспасөз хатшысы ретінде журналист сауалына ресми түрде жауап беруді жөн көрдік.
Расымен де, биыл аудан халқының рухани талап-тілегін қанағаттандыру бағытында тұрғын саны 1000-нан жоғары Жаңатұрмыс және Көгершін ауылдарында 90 орындық клуб салу жоспарланған болатын. Тіпті, ол үшін 2020 жылы жобалық-сметалық құжаттар жасалынып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобасы аясында 2021 жылға (Жаңатұрмыс ауылына 128,6 млн. теңгеге, Көгершін ауылына 127,69 млн. теңгеге) бюджеттік өтінім де берілген. Алайда, еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты сұрау салынған бюджеттік өтінім қолдау таппады. Соның салдарынан жоспарланған жұмыстар кейінге шегерілді. 2022 жылға Көгершін және Жаңатұрмыс ауылдарына 90 орындық клуб салу үшін республикаға қайта өтінім берілді.
Мөлдір Тастанбек,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.