Көкжөтел дегеніміз не?
43 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Дені саудың – жаны сау. Салауатты өмір салтын сақтау, спортпен шұғылдану кез келген адам үшін маңызды. Т.Рысқұлов ауданында осындай ұстанымды алға тартқан аға буын өкілдері мен ересектер арасында сәт-сайын болмаса да, ара-тұра түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Жуырда дәл сондай додалардың бірі Құлан ауылында орналасқан спорт кешенінде өтті. Бұл жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, «Қарттар күніне» орай ұйымдастырылды. Оған 63 жастан асқан ерлер мен 59 жастан жоғары апаларымыз қатысып, бақ сынасты.
Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен спартакиаданың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев алғашқы болып сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Садақ және асық ату, дарц, қол күрес, гір тасын көтеру сияқты бес спорт түрінен сынға түскен ардагерлер жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды өзара бөлісті. Жалпы командалық есепте жеңіске жеткен командалар да аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен, медальдарымен, дипломдарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Жалпы ауданда жыл басынан бері дәл осындай форматта бірнеше мәдени-спорттық жарыстар өткізілген. Ұйымдастырушылар мұндай бәйгелердің бұдан әрі жалғасын тауып, тоқтап қалмайтындығын, осы жолда өнімді еңбек ететіндіктерін атап өтті.
Жәнібек Базылбек