Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Тәуелсіздік – бабалар аңсап, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, жасымаған жігердің отымен келген ұлы күн. Бұл – ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған Қазақ елінің бүгінгі ұрпақтарының туған ел, туған жерге деген махаббатының айғағы. Әрине, бұл оңайға соққан жоқ.
Егемендік алғалы Қазақстан адам танымастай құлпырып, адам сенбестей жетістікке қол жеткізді. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі алдымен халқымыздың бақыты. Елімізде бейбітшіліктің болуы халқымыздың өжеттілігі, батылдығы емес пе? 1991 жыл еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан кезі болды. Қазіргі Қазақстан әлемге мақтанарлықтай абыройға ие.
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында еліміздің өткені, қазіргісі мен болашағы жайлы айтып, бізге жаңа серпін мен жаңа белестерді бағындыруға жігер қосты. Біздің мақсатымыз – еліміздің ертеңі, болашақтың иесі- жастардың бойына елге қалтқысыз қызмет етуді сіңіру, рух беру. Осы қасиеттердің тамырланып, өсіп өркендеуіне қамқорлықпен жағдай жасау.
Тәуелсіздік тегеурінді жас ұрпақтың білімімен, білігімен, ел іргесін нығайтар бастамасымен сақталады. Сол жолда аянбай қызмет етсек қана мәңгілік елдің шыңына шығатынымызға сенеміз. Ғасырлар бойы аңсатып жеткен халық рухының асқақтығы мәңгілік болғай! Әлемде өз елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын ұлт жоқ шығар, сірә… Біз бақыттымыз!..
Г.Мамбетова,
Шоқан Уәлиханов атындағы шағын
орталықты орта мектебінің
кітапхана меңгерушісі.