Ботулизмнің алдын алу
30 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жақында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты байқау өтті. Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің акт залында өткен оқушылар байқауы жас айырмашылығы бойынша өрбіді. Алдымен кіші топ, яғни 8-10 жас аралығындағы оқушылар бақ сынады. Бұл топта 38 оқушы өнер көрсетті. Бірақ, жүлде санаулы. Сондықтан мұндай байқауда әр оқушы барын салып, өнер көрсетуі тиіс. Көрсетуін көрсетті ғой. Дегенмен, тізім төмендегідей. Алғабас орта мектебінің оқушысы Сырым Әділ, Көкарық бастауыш мектебінің оқушысы Нұрлыбек Ерікұлы, балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының тәрбиеленушісі Еңлік Қали жүлделі III орынға ие болса, Малдыбай орта мектебінің оқушысы Бекайдар Қуаныш, № 2 орта мектептің оқушысы Қажетта Қалдыбай және Шолаққайыңды бастауыш мектебінің оқушысы Кәусәр Құлботаеваға жүлделі II орын бұйырды. Жүлделі I орынға Бірлес орта мектебінің оқушысы Аяулым Тұрсынқұл ие болды. Бас жүлде балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушісі Қарақат Тойлыбайға тиесілі. Ол енді ауданымыздың абыройын дәл осы байқаудың облыстық кезеңінде қорғайтын болады.
Кезек орта топ, яғни 11-13 жас аралығындағы оқушыларға келді. Бұл топта 34 оқушы бақ сынады. Дегенмен, оқушылардың көрсеткен өнерін бағамдай келе, қазылар алқасы төмендегідей шешім шығарды. Және ол әділетті деп ойлаймыз. Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Жантөре Жұмабай мен №5 шағын орталықты орта мектебінің оқушысы Тахмина Адилова жүлделі III орынға ие болса, №4 шағын орталықты орта мектебінің оқушысы Бағдәулет Қасан мен Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің оқушысы Алина Әзімханның еншісіне жүлделі II орын жазылды. Жүлделі I орынды №2 орта мектептің оқушысы Кәусар Қашқынбай жеңіп алды. Бұл топта Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Дінислам Мұхаммед бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама ұтып алды.
Орта топтың жарысы аяқталған соң, жоғары топтың оқушылары, яғни 14-16 жас аралығындағы қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Бұл топта да оқушы саны аз емес -31. Әділ қазылар алқасына осы отыз бірдің ішінен үздіктерді анықтауға тура келді. Анықтады да. Бұл топтағы жүлдегерлердің тізімі мынадай болды. № 4 шағын орталықты орта мектебінің оқушысы Асылбек Мейірқұл, Құлан мектеп-гимназиясының оқушысы Еркебұлан Асетілда, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы Нұрсерік Ерғали жүлделі III орынға ие болды. Ал Айтқұл Шынасілов атындағы шағын орталықты орта мектептің оқушысы Балнұр Бахытбек пен Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің оқушысы Жұлдыз Ажиханның еншісіне жүлделі II орын жазылды. Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің оқушысы Ұлан Сейітхан жүлделі I орынды иеленді. Бас жүлде Абай атындағы шағын орталықты орта мектептің оқушысы Диас Жұмашевқа тиесілі. Бұйыртса, ол да байқаудың облыстық кезеңінде аудан абыройын қорғайтын болады. Оқушыларымызға сәттілік жолдас болсын дейміз.
М.Диханбай.