Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
21 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Қазан айының соңғы
жексенбісі – Әлеуметтік қорғау
жүйесі қызметкерлерінің күні
Батыр Бауыржан Момышұлының мына сөзі кімді болса да, елең еткізбей қоймайды. Ер Баукең не дейді дейсіз ғой? «Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет, елге тер төгіп, жерге қан төгіп қызмет ет» деген екен Халық батыры. Міне, нағыз мотивация беретін сөз. Қайдағы біреулердің әлемжелідегі қыртпа сөздеріне қарағанда, Бауыржан Момышұлының мына есті сөзі еңбектенемін деген адамға қалай шабыт сыйламайды деп айта аласың. Аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыс істейтін әрбір қызметкер ер Баукеңнің біз атаған сөзін өмірлік ұстанымдарына балайды екен. Олай етпей қайтсін? Өйткені, бөлім басшысының да ұстанымы дәл сондай. Осындай рухты сөзді естіп, жас болса да,
өзінің зерделі білімімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарып отырған Назарбеков Айхан Жамбылұлының табанды әрі жүйелі жұмысына «Браво!» дегеннен басқа теңеу таппадық.
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 9 мемлекеттік қызметші, яғни бөлім басшысы Назарбеков Айхан Жамбылұлы, бөлім басшысының орынбасары Умеева Сәуле Өмірзаққызы, сектор меңгерушілер Арман Мамырбаев, Мейрамкүл Қалықова, Ағираш Сәбденова, бас мамандар Ерлан Алчабаев, Динара Есимова, Дархан Расилов және Жадыра Санғышова. Сонымен қатар, үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Гүлмира Тлепбергенова, үйлестіруші Динара Жұматаева, бағалаушы Айнұр Калиева және ауылдық округтерінің әлеуметтік қызметкерлері жұмыс жасайды. Негізінен, үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 23 қызметкер, сондай-ақ, 9 кіші қызметкер жұмыс атқарады. Дегенмен, осы әлеуметтік салада ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып келе жатқан білімі мен білігі қатар тоғысқан ұжымға сыйлы бөлім басшысының орынбасары Сәуле Умеева, ардагерлер және мүгедектер жұмыс секторының меңгерушісі Мейрамкүл Қалықова секілді нағыз еңбек азаматшаларының есімдерін ерекше құрметпен атауымыз қажет. Өз жұмысын жақсы білетін осы азаматшаларды ұжымдағы жастар өздеріне ұстаз санайды. Ол деген өте жақсы қасиет біздіңше.
«Аталған бөлім қызметкерлерінің негізгі атқаратын қызмет түрі қандай?» деген сұрақтар туындауы мүмкін, кейбір кісілерде. Олар негізінен тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін, бір жолғы көмек және т.б көмек түрін көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Мүгедектердің жеке оңалту» бағдарламасына сәйкес қызмет түрлерін де көрсетеді. Жұмыссыз азаматтардың есебін жүргізіп, жұмыспен қамтудың белсенді іс-шарасына мониторинг жасайды. Жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік сала – үлкен салалардың бірі. Сондықтан бұл мекеме қоғамның әлсіз өкілдеріне қолдан келгенше көмектесіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетіп, мұқтаж болған жандардың игілігі үшін қызмет атқарады. Тізе берсек, осылай жалғасып кете береді. Бір анығы, аталған бөлімде жұмыс істейтін әрбір қызметкер өзіне артылған жауапкершілікті жақсы түсінеді. Олардың көздегені де мемлекеттің келешегіне, қарапайым халыққа қалтқысыз қызмет ету.
Ал өзінің қарапайым болмысымен көпшіліктің алғысына кенелген азамат Құлманов Сапар Тілеубердіұлы басшылық ететін аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26 қызметкер жұмыс істейді. Мекеме негізінен жұмыссыз азаматтарға жұмыс тауып беру, тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, жұмыссыз азаматтарға өз кәсібін ашуға жәрдемдеседі. Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қызмет атқарады. Бұл мекеме 2011 жылы ашылып, содан бері халық игілігіне жұмыс жасауда. Мекемеде Даурен Балпанов, Роза Балтабаева, Бота Қаймасарова, Айнұр Үкібаева, Тойдын Икрашева, Марат Алкереев, Мая Сатимбекова, Бибізура Баймұратова, Нұрбол Боранбаев, Ғабит Абдуалиев, Бақтыбек Тлебалдиев және жас мамандар Марғұлан Мұсаханов, Ардақ Қуанышбеков, Әлібек Мұхаметқалиев, Асылбек Балатаев, Жаннұр Кексрауов, Динара Махат сынды мамандар қызмет атқаруда.
Сөз басында қазан айының соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні деп жаздық қой. Кейбір мекеменің табалдырығынан кірудің өзі қиын шаруа. Ал біз жазған қос мекеменің есігі халыққа әрдайым ашық. Өйткені, олар көпшілікке қызмет көрсетеді. Төл мерекелеріңіз құтты болсын. Істеген жұмыстарыңыз әрдайым бағаланып, еңбектеріңіз еселене берсін.
Марат Диханбай.