Арнайы мемлекеттік жәрдемақы

666 Views

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге тиесілі ? Қазақстанда басқа да әлеуметтік төлемдермен қатар, 20-ға жуық азаматтардың санатына арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақы түрі келесі азаматтарға тиесілі:
– ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;
– Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері;
– Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан әскерилердің отбасылары;
– Қоршауда қалған Ленинград тұрғындары;
– Кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары;
– Чернобыль АЭС-дағы және басқа да апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың отбасылары және басқалары.
Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы және Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеуге болады. Қандай құжаттарды ұсыну қажет?
– белгіленген үлгі бойынша өтініш;
– жеке басын куәландыратын құжат
– банк шоты бойынша мәліметтер;
– жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжат.

Тұрар Рысұлов аудандық
Халыққа қызмет көрсету бөлімі.

Поделиться ссылкой: