23 маусым – Қазақстан полициясы күні
50 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Өздеріңізге белгілі, кыркүйек айының 1-ші жұлдызынан бастап, елімізде халық санағын жүргізу басталды. Қыркүйектің 1-і мен қазан айының 30-ы аралығында санаққа онлайн түрде тіркелмеген азаматтар мен азаматшаларға мамандар үй-үйді аралап, сұрақтар қойып, тиісті жұмыстар атқаруда. Халық санағының араға 10 жыл салып, өткізіліп тұратындығы белгілі. Өз басым бұл өте дұрыс бастама деп ойлаймын. Бұл нені ұқтырады? «Қазақстанда әркім маңызды» деген ұғымды білдіреді меніңше. Бір жағынан статистиканың да болғаны жөн. Әлгінде айтқанымдай, жеме-жемге келгенде, бұл өзіміз үшін қажет. Сондықтан мамандар сөзіне жүгініп, халық санағына бір кісідей атсалысуды ұмытпайық, ардақты ағайын.
Қожайхан Бижанов,
аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.