Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
24 ViewsӨткен жұмада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық…
Қазақстанның даңқты балуаны, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, жерлесіміз Ислам Байрамуков ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың спорт жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Ислам Байрамуков – спорттық карьерасында талай жарыста атой салып, ел мерейін асқақтатқан даңқты балуандарымыздың бірі. Грек-рим күресінің шебері Сидней Олимпиадасындағы күміс жүлдесінен бөлек, Қазақстан құрамасы сапында жүріп екі дүркін Азия кубогының иегері, 2000 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы, екі мәрте Шығыс Азия ойындарының чемпионы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған.
Ислам Байрамуков 2004 жылы спорттағы карьерасын аяқтаған соң 2007-2009 жылдары еркін күрестен Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы болды. Оның басшылығымен жерлестеріміз Олимпия ойындарының, әлем чемпионаты мен Азия біріншілігінің жүлдегерлері атанған болатын.