23 маусым – Қазақстан полициясы күні
44 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Жақында «Qazaq epos» ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» аудандық байқауында 6-10 сынып оқушылары «Едіге батыр» жырын жатқа оқып, сынға түсті. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар Ұлы Ұлыс (Алтын Орда) мемлекетінің негізгі тарихи оқиғаларына қатысты және жыр ішіндегі жекелеген оқиғалар мен жер-су атауларына қатысты сұрақтарға жауап берді. Аталмыш байқауға 27 мектептен 29 оқушы қатысып, қорытындысы бойынша №2 шағын орталықты орта мектептің 6 сынып оқушысы Досхан Айтқұлов жүлделі бірінші орынды, осы мектептің 6-сыныбында оқитын Ағжан Қалдыбай мен Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Толғанай Қылышбек жүлделі екінші орынды иеленді. Ал Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Ақниет Сұрамай, Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Мөлдір Бейсенбек, Құлан мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Айдана Өмен жүлделі үшінші орынға ие болды. №1 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Марғұлан Шымырбай мен Ақыртөбе орта мектебінің 6 сынып оқушысы Аруна Берік алғыс хатқа ие болды. Аталмыш байқаудың облыстық кезеңінде № 2 шағын орталықты орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назгүл Ахметбекованың қос шәкірті Досхан Айтқұлов пен Ағжан Қалдыбай және Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ардақ Әбішованың шәкірті Толғанай Қылышбек бақ сынайтын болады. Оқушыларымызға сәттілік жолдас болсын дейміз.
М.Аятберген.