Кезекті комиссия отырысы өтті

573 Views

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаевтың төрағалығымен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті.
Аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысы Zoom арқылы оған Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас эксперті Тимур Қазтуғанов және Жамбыл облысы әкімдігінің жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Бақыт Жақсылықова қатысты.Сонымен қатар жиынға комиссия мүше­­лері, ата-аналар, мектеп дирек­­торлары қатысып, ортақ мәселені ортаға салды. Күн тәрті­бінде үш мәселе қарал­ды. Оның алғашқы мәселесі бойын­ша жергілікті полиция қыз­меті бөлімшесінің ювеналды полиция тобы­ның инспекторы Гүлжан Ниязқұлова баяндама жасаса, күн тәртібінің келесі мәселесі Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімі­нің білім беру мекемелерінде құрылған «Асқар тау» әкелер және «Парасат» аналар мектебінің атқарылып жатқан жұмыстары туралы​ аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова кеңінен баяндап өтті.
Комиссия отырысында алдын ала берілген хатта­малық тапсырмалардың орындалу барысы да қаралып, ол бойынша Тоқтар Мамырбаев толық баяндама жасады.
Жиын соңына қарай күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, мектеп директорларына және мектеп инспекторларына, тиісті мемлекеттік мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді.
Барлық тапсырмалар мен ұсыныс-пікірлер комиссия хаттамасына тіркеліп, бақылауға алынды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: