ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
20 ViewsҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ! Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол…
Сәрсенбі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязовтың қатысуымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында актив жиыны өтті. Жиынды аудан әкімі Ерболат Садырқұлов жүргізіп отырды. Аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысқан актив жиынында әлемді жаулаған жемқорлық турасында оябы бөлек ойлар айтылды. Бақытжан Мақсұтұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлық жөніндегі еліміздегі заң талаптарын айрықша атап өтіп, оның реттілігін нақты мысалдармен түсіндіріп берді.
Жемқорлықтың салдарымен күрес жүргізу жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жаңа Жолдауында тапсырма жүктегенін, ондағы ұсыныстар мен пайымды пікірлердің аймақта орындалу барысын да егжей-тегжейлі айтып өтті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары. Жиын барысында аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы да тақырып турасында өз ойын ортаға салды.
Марат Жолдасбекұлы.