Соңғы он айда 149 қылмыс тіркелген

386 Views

Аудан аумағында құқық бұзу­шылықтың алдын алу мақсатында полиция бөлі­­мінің тарапынан сан түрлі акциялар мен жедел іс-шаралар сәт сайын ұйым­дастырылып тұрады. Мә­селен, соңғы он айда «Құқықтық тәртіп» – 6, «Автобус» – 2, «Борышкер – 2021» – 10, «Мал ұрлығы», «Қару», «Қауіпсіз жол» – 6, «Дәрмек», «Тұрмыс», «Мигрант» – 2, «Браконьер», «Абайлаңыз балалар», «Түнгі қаладағы балалар», «Пробация», «Учаске» сынды акциялар ұйымдастырылып, аталмыш бастамалар қылмысты азайтуға өз ықпалын тигізген. Нәтижесінде ауданда қылмыстық құқық бұзушылықтар 8 %-ға төмендеген.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың соңғы он айында ауданда 149 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелсе, өткен жылдың дәл осы кезең аралығында 162 қылмыс тіркеуге алынған.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: