Көкжөтел дегеніміз не?
49 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Т.Рысқұлов ауданында белгілі қоғам қайраткері, ұлт зиялысы Тұрар Рысқұловтың муралы пайда болды.
Бұл арт-жоба ауданның орталық көшесі Жібек жолы мен Ә.Тілепов көшесінің қиылысында орналасқан «Қазпошта» ғимаратының қасбетінде салынды.
Муралды салу үшін 2 жұмыс күні жұмсалды.
Айта кетейік, арт-нысан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Құлан ауылдық округі әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Аудан тұрғындары ғимарат қабырғасына сән беріп тұрған стрит-арт суретін қолдап, оны аудан мақтанышына айналатынына сенімді. Мәселен, аудан тұрғыны Азат Алиханов аталмыш жобаның идея авторларына ризашылығы зор екенін айтады.
«Бұл баянды бастама халқына пана болған, өз ұлты үшін бар күш-жігерін жұмсаған ұлы тұлға Тұрар Рысқұловқа деген құрметті одан әрі арттырады деп үміттенеміз. Сондай-ақ, нар тұлғаның есімін еншілеген біздің ауданымыз үшін үлкен мақтаныш деп есептеймін», – деп өз ойын ортаға салды Құлан ауылының тұрғыны.
Расымен де аталмыш бастама қолға алынғандардың арасындағы ең тиімдісі. Алдағы уақытта да өзге де ғимараттардың қасбетіне дәл осындай тау тұлғалардың суреттері салынады деген үміттеміз.
«Құлан таңы» ақпарат.