Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласынан 30 жыл бойы жүріп өткен жолымызды көреміз. Егемендік, тәуелсіздік жолында қаншама соқтықпалы, соқпақсыз кедергілерден өттік. Әрине, мұның барлығы Елбасының сара жолды саясатымен, бірлігі мығым болған халқымыздың бейбітшілігінің арқасында жүзеге асты.
Елбасы өз мақаласында алдымен Тәуелсіздіктің қазақ халқы үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Мақалада Н.Назарбаев Тәуелсіз елді құру барысындағы туындаған мәселелер мен алға қойылған басымдықтар жөнінде де баян етті.Сол кездегі мақсаттарының бірі – құлдыраған экономика, медицина, білім салаларын қайта аяққа тұрғызу еді. Ол үшін Елбасы даму стратегиясын қабылдады.
Бұл бабаларымыздың армандаған қазақ мемлекеттілігінің қайта өркендеуі мен бостандыққа ие болуының маңызды кезеңі. Тарихтың өлшемі бойынша 30 жыл – бұл ерекше үлкен мәртебелі сәт. Алайда көптеген халықтар үшін бұл кезең қиындықтар мен жеңістерге, дағдарыстар мен жетістіктерге толы жылдарды қамтыды.
Елбасы: «Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін» деді. Расымен де қарап отырсақ, отыз жыл адамзат тарихы үшін қас-қағым сәт болғанымен, тәуелсіз еліміз үшін бұл – үлкен белес. Қазіргі таңда осыншама жетістіктерді бастан кешірген заманымыздың ұйытқысын әрі қарай жалғастырып, әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құру баршамызға жүктелген міндет деп білемін.
Қ.Арыстанбеков,
«Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.