Еншімізде II орын

482 Views

Таяуда облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық «Халық шығармашылығы орталығының» ұйымдастыруымен «Театр – өмір айнасы» атты фестиваль өткен еді. Аталмыш фестифальге аудандық Басқар Битанов атындағы халықтық театрының әртістері де қатысып, Әбіш Кекілбайұлының «Абылай хан» драмалық дастанын сахналаған болатын. Нәтижесінде аудандық Басқар Битанов атындағы халықтық театры жүлделі II орынға ие болды.
«Өткенін ұмытпайтын ұлтқа сенсеңдер, бізге сеніңдер. Атасын ұлықтайтын жұртқа сенсеңдер, бізге сеніңдер. Анасын ардақтайтын ұрпаққа сенсеңдер, бізге сеніңдер» деген өнегелі сөз айтқан Әбіш Кекілбайұлының әрбір туындысы жай шығарма емес. Әбіштің шығармашылығын түсінген адам ғана оның әдеби һәм тарихи туындысына үңіле алады.
«Абылай хан» драмалық дастанының режиссері Эльмира Асылбекова мен режиссердің көмекшісі Мият Медетов оқыған, сөздің қадірін түсінетін азаматша мен азамат қой. Сондықтан да бұл фестивальде «Абылай ханды» сахналаған болар деп ойлаймын. Спектакльде әрбір музыка да маңызды рөл атқарады. Спектакльді музыкамен көркемдеген Тыңжан Сайырмановтың да еңбегі ұшан-теңіз.Спектальде ойнаған әртістердің де еңбектері ерен. Әбілмансұр әрі Абылай хан – Тұңғышбай Сәдуақас, Ораз аталық – Тұрсын Міржақыпов, Диуана – Мият Медетов, Дәулетбай – Ермахан Сегізбаев, Әбілмәмбет – Біржан Көпбаев, Едіге би – Нұрлан Әмірбетов, Батагөй ана – Эльмира Асылбекова, Шарыш – Ерболат Құлышев, Ботақан – Нұрлан Жолдасбек. Ұжым әртістері былайша айтқанда, «жоқтан, бар» жасап жүрген жандар ғой. Спектакльге аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық кітапхана қызметкерлері де атсалысты. Айтулы марапат құтты болсын! Шығармашылық табыс тілейміз.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: