Татулық пен тұрақтылық – басты байлығымыз

393 Views

Жақында Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ҚХА хатшылығы – этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Рысдаулет Құдайберген келіп, зерделеу мен ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі таңда халқымыз бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін әлемге танытушы елге айналып отыр. Әрбір қазақстандық азамат үшін ұрпақтар сабақтастығы арқылы тарихи қалыптасқан татулық, сенім мен тең құқықтылық ең маңызды қасиет. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаң рөлін атқаруда. Осы орайда Құдайберген Жамбылұлы жұмыс сапары барысында қоғамдық келісім кеңесінің және жалпыұлттық бірлік аясында мемлекеттік саясатты насихаттау жұмыстарының барысы туралы бірнеше кездесулер өткізді. Кездесу аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияров Ернұр Берікұлының төрағалығымен, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ және «Отандастар қоры» КеАҚ фронт-офисі Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы филиалының директоры Тәжіков Әмзе Даданұлының, аудандық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Өтегенов Серік Асанханұлының қатысуымен өтті.
Күн тәртібінде қоғамға байланысты бірқатар мәселелер қозғалып, баяндамалар оқылды. Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттерімен, Луговой, Қарақыстақ және Көгершін ауылдарындағы өзге этнос өкілдерімен, «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде қоғамдық келісім кеңесі, ҮЕҰ, этно-мәдени бірлестіктер, ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесу өткізіп, этно-мәдени бірлестік мүшелерінің көрмелерін тамашалады. Жиын барысында өзекті мәселелер талқыланып, жастармен жұмыс жөнінде келелі ойлар айтылды. Қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар болып, сұрақтар мен пікірлер айтылды. Отырыс соныңда Құдайберген Жамбылұлы өз ойымен бөлісіп, жиынның қатысушыларына өз алғысын жеткізіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: