Алғыс хат иеленді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу құрметіне орай рухани сала қызметкерлері де Үкімет тарапынан көптеген марапаттарға ие болды. Сондай марапаттардың бірін ауданымыздың имамы Сұлтаншәріп Жадыраевқа Қазақстан Діни басқармасының облысымыздағы өкіл имамы, «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев табыс етті. Алғыс хатта: «Құрметті Сұлтаншәріп қажы Жадыраев мырза! Сізге Қазақстан халықтары Ассамблеясы еліміздегі рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты, гуманистік мұраттарымызды нығайтуға қосқан белсенді еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз» деген сөздер бар.
Бас Ассамблеяның осындай алғыс хаты облысымызда төрт адамға беріліп отыр. Біз марапат иелерін алған алғыстарымен шын жүректен құттықтаймыз.
«Құлан таңы» ақпарат.