510 Views
Танымал кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері, жерлесіміз Азамат Сатыбалды Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай «Құрмет» орденімен марапатталды.
«Құрмет» ордені 1993 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен белгіленген болатын. Аталмыш орденмен елдегі экономиканы, әлеуметтік саланы, спорт пен мәдениетті, ғылым мен білімді дамытуға еңбек сіңірген қайраткер азаматтар марапатталады.
Бұл марапатқа жерлесіміз әбден лайықты деп есептейміз. Себебі ол осы күнге дейін театр сахнасында көзі қырағы көрерменнің көңілінен шыққан талай рөлдерді сомдады. Сондай-ақ, Азамат Сатыбалды «Қара шегіртке», «Бақсы», «Ағайынды», «Жерұйық», «Дәрігер Ахметова», «Ғашық жүрек – 2», «Сыныптастар», «Парыз», «Бір кем дүние», «Қара шаңырақ», «Рэкетир – 2», «Жұлдыздар тоғысқанда», «Барлығы сен үшін» сынды танымал фильмдерде бой көрсетіп, әр алуан рөлдерді сомдап шыққан. Осы үшін ол 2002 жылы Қазақстан жастар одағы ұсынған «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты атанған. Ал 2014 жылы оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілсе, 2016 жылы актердің кеудесіне «ҚР тәуелсіздігіне – 25 жыл» медалі тағылған.
Жерлесімізді жеткен жетістігімен тағы да бір рет ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жәнібек СҰЛТАН.
Поделиться ссылкой: