Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
47 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Өткен аптада Азаттықтың 30 жылдығына орай Қазақ ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебінде «Тәуелсіз елім Қазақстан» деген тақырыппен мәнді де мазмұнды іс-шара өтті. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар осынау мерекелік іс-шарада «Біз – елдің ертеңі» атты бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімінде қосыпты. Барлығы керемет енді. Оқушылар да жанып тұр.
Оқушылар мен келген қонақтар тік тұрып еліміздің Әнұранын шырқаған сәтте жүрек тулады. Өзімізді құдды бір аспанда қалықтаған қыран құстай сезіндік. Ғажап қой, шіркін, Қазақтың Әнұраны. Мұндай Әнұран, тек бізде ғана бар.
Іс-шара шымылдығын мектеп директоры Мадина Сарсенова сөз сөйлеп ашып берді. Ол өз сөзінде осынау отыз жыл ішінде еліміз жеткен жетістіктер мен биік белестерді тілге тиек етті. Содан соң әріптесіміз, «Құлан таңы» газетінің тілшісі Жәнібек Базылбек ел тәуелсіздігі жайында ордалы ой қозғап, Азаттықтың әрбір атқан ақ таңы жұртшылықты бақытқа бөлейтінін сөз етті. Бұдан соң мектеп оқушылары хормен «Тәуелсіз ел ұланы» әнін шырқады. Шарапат Болысбектің орындауындағы «Туған өлкем» әні де біздің көңілімізден шықты. Оқушылар билеген би де әсерлі болды. Кезек оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне де келді. Содан кейін 9 сынып оқушысы, «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі Жангүлім Нұрғазы «Тәуелсіз қазақтың қызымын» әнін орындады. Іс-шара соңында мектеп оқушылары «Біз Отанның ұланымыз» әнін хормен шырқады.
М.Диханбай.