Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты

516 Views

««Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі»
атты Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзін тыңдаған соң туындаған ой

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жуырда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында жасаған баяндамасы — ел тұтастығы мен бірлігін, әлеуеті мен әлеуметін, экономикасы мен тұрақтылығын нығайтудың жаңа саяси жолы іспетті.
Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі әрі қатерлі кезеңге тап болдық. Еліміздің қауіпсіздігі, тыныштығы әрқайсымызға байла­нысты. Ол біздің ең негізгі борышымыз, міндетіміз. Ортақ Отанымыз, туған жеріміз біздің мүлкіміз. Оны сақтауға, қорғауға, әрқайсымыз өзіміздің үлесімізді қосуымыз керек. Әрбір отандасымыз осы айтылғандарға қосылатын болса, өзінің отбасы, ата – анасы, бала – шағасы үшін барлығымыз елдің тыныштығы үшін бірігіп жұмыс жасауымыз қажет. Тәуелсіздік Тәңірдің берген тәтті сыйы. Оны көзіміздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Осы кезеңді бастан кешіру барысында ел Президенті дер кезінде нақты әрі дұрыс шешімдер қабылдай білді. Сондай-ақ, тұрақтылық пен конституциялық тәртіпті қалпына келтірудің маңызды екеніне басты назар аударды. Соның нәтижесінде бүгінде елімізде жағдай тұрақталып, бірқалыпқа келуде. Біз осы кезеңнен сабақ ала отырып, ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін Президентке қолдау білдіруіміз қажет.
Мемлкет басшысы бізге бірқатар тапсырмалар жүктеп отыр. Қиын күндердің артта қалғанын, ең бастысы, еліміздегі береке мен бірлікті, тыныштық пен бейбітшілікті сақтауымыз керек екенін айта келе, Қазақстанда дамудың жаңа, шынайы жаңару кезеңі басталғанын хабарлады. Бұның барлығы да еліміздің болашағы үшін, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы әрі мәңгілік, ел іргесінің берік болуы үшін Президент тарапынан қабылданып жатқан оң шешімдер деп білемін.
Мен осы елдің азаматы ретінде ел Президентінің бұл бастамасын қолдай отырып, еліміздің дамуы мен өркендеуі үшін аянбай еңбек етемін. Себебі елдің тыныштығынан, Отанның бүтіндігінен асқан байлық жоқ. Еліміздің еркіндігі бәрінен қымбат. Бірлігіміз мықты, еліміз тыныш болсын!

Ербол ӘБУТӘЛІПОВ,
аудандық мәслихат хатшысы.

Поделиться ссылкой: