АДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ
30 ViewsАДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ Адамды құрметтеу оның лауазымына, әлеуметтік жағдайына немесе қоғамдағы орнына байланысты болмауы керек. Әрбір адамның өзіне тән қадір-қасиеті, ар-намысы…
Кеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Аппараттық жиын аудан әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім басшыларының қатысуымен өтті.
Кеңестің күн тәртібінде КВИ-дың алдын алу мәселелері жөнінде аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жұманқұлова Раушан Көшербекқызы баяндама жасаса, мал жайылымы және қолдан ұрықтандыру мәселелері туралы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Жанадилов Досмұханбет Сыдықбайұлы баяндама жасады. Олар атқарылып жатқан жұмысты толық баяндап, нәтижесімен бөлісті.
Сондай-ақ, жиында аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Биғазиев Темірғали Нәдірұлы да баяндама жасады. Ол тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру бағытында қолға алынған пилоттық жобаның іске асырылу барысын баяндап, несие алып тірлігін бастаған отбасылар туралы мағлұмат берді.
Кеңес барысында күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.