АДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ
30 ViewsАДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ Адамды құрметтеу оның лауазымына, әлеуметтік жағдайына немесе қоғамдағы орнына байланысты болмауы керек. Әрбір адамның өзіне тән қадір-қасиеті, ар-намысы…
Қазір шетел азаматтарына ЖСН тек ХҚО арқылы рәсімделеді.
Бұған дейін Қазақстанда азаматтығы жоқ адамдар аталған қызметті үшінші тұлғаға сенімхат беру арқылы egov.kz порталында онлайн ала алатын, Ал қазір порталда бұл қызмет уақытша тоқтатылды.
Қызметті рәсімдеуге үш құжат жеткілікті:
– Белгіленген нұсқадағы өтініш;
– Шетелдік паспорт;
– Қызметті алушы атынан өкілі жүгінген жағдайда – нотариалды куәландырылған сенімхат.
Егер шетел азаматының паспортында аты-жөні мен туған жері кириллица немесе латын әріптерімен жазылмаса, құжаттың аудармасы (нотариалды куәландырылған) қажет.
ЖСН алу тегін. Қызмет бір жұмыс күні ішінде дайын болады.
Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы.