АДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ
30 ViewsАДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ Адамды құрметтеу оның лауазымына, әлеуметтік жағдайына немесе қоғамдағы орнына байланысты болмауы керек. Әрбір адамның өзіне тән қадір-қасиеті, ар-намысы…
Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен қант қызылшасын өсіруді дамыту бойынша жергілікті шаруалармен маңызы жоғары кездесу өтті. Жиынға республикалық қант қызылшасын өсірушілер одағының төрағасы қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті. Жалпы өткен жылы аудан бойынша 145 гектардан өнім алынса, ағымдағы жылы 550 гектар қант қызылшасын егу жоспарланып отыр.
Осыған сәйкес, аталмыш жиында қант қызылшасын өсіруші шаруаларға қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар, инвестициялық салымдар мен субсидиялау бағдарламалары, техника алу, суармалы алқапты кеңейту мәселелері түсіндіріліп, өзекті тақырыптар талқыланды.
Жиын соңында аудандық қант қызылшасын өсірушілер одағы құрылып, оның төрағасы ретінде «Аққайнар» шаруа қожалығының егіс бригадирі Талап Иманов бекітілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.